• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы кімдерге және не үшін беріледі?

15.08.2018
0

Түркістан облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру қағидасының жобасы қаралып, Қоғамдық кеңесі мүшелерінің тарапынан колдау тапты.

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру қағидасында көрсетілген  талаптарды оқырмандардың назарына ұсынамыз. Атап айтқанда:

1.«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы не үшін беріледі және не себебтен берілмейді?

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлкен үлесі, мемелекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі, демократияны,  жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалд әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, облысты мекендейтін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы,  бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда облыс алдында айрықша сіңірген еңбегі үшін беріледі.

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы азаматтарға көзі тірісіндегі  беріледі.

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық  ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.

2.«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну тәртібі

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы жыл сайын жиырма бес адамға дейін берілуі  мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға көшірілуі мүмкін.

Сонымен қатар, облыс әкімінің ұсынысымен «Түркістан облысының Құрметті азааты» атағы мерейтой күндері қарсаңында берілуі мүмкін.

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру еңбек ұжымдарының, қалалық және аудандық мәслихаттардың, қала және аудан әкімдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің бастамалары бойынша жүзеге асырылады.

Еңбек ұжымдарының, қалалық және аудандық мәслихаттардың, қала және аудан әкімдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қолдаухаттары тиісті қалалық, аудандық мәслихаттарға немесе әкімдіктерге жіберіледі.

Қолдаухатқа тиісті басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сіңірген еңбектері көрсетіледі. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшірмесі, кандидаттың айрықша сіңірген еңбегін растайтын құжаттарының көшірмелері, өмірбаяндық мәліметтері, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегі суреті қоса тігіледі.

Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырымайды.

Сол, бір кандидатқа қолдаухат өкілетті органдардың шақырылымы кезеңінде екі реттен артық енгізілмейді.

Аудандар мен қалалардың әкімдері, мәслихаттары «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі келіп түскен құжаттарды қарап, атақты  нақты тұлғаға беру жөніндегі тиісті ұсыныстарды қолдахатпен бірге және оған қоса тіркелетін құжаттарымен облыс әкіміне жолдайды.

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс облыстық мәслихатқа облыс әкімімен аталған мәселені облыстық мәслихаттың сессиясында қарауға дейін он күннен кешіктірмей енгізіледі.

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді облыстық мәслихат қабылдайды.

  1. Түркістан облысының Құметті азаматы атағынан айыру және қалпына келтіру

«Түркістан облысының  Құрметті азаматы» атағы берілген тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, оған атақ беру туралы ұсыныс енгізген облыс  әкімінің ұсынымы негізінде, тиісті мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айырылады.

 «Түркістан облысының  Құрметті азаматы» атағынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақ беруге ұсыныла алмайды.

Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған азаматтарға «Түркістан облысының  Құрметті азаматы» атағы облыс әкімнің ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.

Дайындаған: Айдар Дидар

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.