Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елде жанармай тапшылығы жоқ – Бозымбаев
    Жаңалықтар

    Елде жанармай тапшылығы жоқ – Бозымбаев

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.08.2018472 Views

    Мұнай өнімдерінің ішкі нарығы тұрақты жағдайда және жанар-жағармай тапшылығының фактілері орын алған жоқ. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

    «Ағымдағы жылдың 7 айында отын-энергетика саласы дамуының оң қарқыны жалғасуда. Мұнай және конденсат өндіру көлемі 53 млн тоннаны құрады. Яғни, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% аса өсім көрсетілуде. Оның ішінде, 3 ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 32 млн тоннаға жуық. Қашағанда 7,4 млн тонна, Теңізде 17,2 млн тонна, ал Қарашығанақта 7,3 млн тонна мұнай өндірілді. Мұнай экспорты 42,8 млн тонна көлемінде. Ол былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6% аса өсім көрсетіп отыр», — деді министр.

    Бозымбаевтың айтуынша, мұнай өңдеу көлемі 9,2 млн тонна құрады және былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,5% өсім көрсетті.

    «Үш мұнай өңдеу зауыты 6,4 млн тонна көлемінде мұнай өнімдерін шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3% жоғары болып отыр. Ішкі мұнай өнімдері нарығы тұрақты жағдайда және жанар-жағармай тапшылығының фактілері орын алған жоқ. Қазіргі таңда АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі үшін орташа бағасы 156 теңге, дизель отыны 182 теңге болып отыр. 13 тамыздағы жағдай бойынша ішкі нарыққа қажетті жанар-жағармай қалдықтарының шамамен 1 айлық көлемі сақталып отыр», — деді ведомство басшысы.

    Оның айтуынша, бұл бензин бойынша 336 мың тонна және дизель отыны 246 мың тонна болып отыр.

    «Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығына 394 мың тонна көлемінде дизель отыны жеткізілді. Энергетика министрлігі тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысына сәйкес, дизель отынының қажеттілігі толық көлемде қанағаттандырылды», — деді Бозымбаев.

    Министр мәлімдеген ақпаратқа сәйкес, елдегі газ өндіру көлемі 2,8 млрд текше метрді құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 6,4% өсім көрсетіп отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.