«Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы тамыз айының 11 мен 12-де Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында іс-сапармен болды. «Ұлы Дала Көші» жобасының аясында аталмыш ауданда түсірілім жұмыстарын жүргізген шығармашылық топ Түркістан облысы мен Шымкент мегаполисінен еліміздің солтүстік өңірлеріне көшіп барған жерлестерімізді іздеп арнайы барды. Олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, тынымсыз еңбегін елге насихаттамақ. Жұмысшы күшінің қоныс тепкен ауылдарының қатарында Мағжан Жұмабаев ауданының бірқатар елдімекендері де бар.
Биыл қазақтың ақиық ақыны, бес арыстың бiрi, Алаш қайраткерi болған Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл. Аудан орталығындағы ақын ескерткіші.
«Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобын Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Асқар Бегмановтың қабылдау сәті
Аудан әкімі Асқар Бегмановтың ақын Мағжан Жұмабаевтың бейнесі бар кілемшені жоба жетекшісі Дулат Әбішке тапсыру сәті
«Айғақ» телеарнасының редакторы Бағлан Байкөбекқызының Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Асқар Бегмановтан сұхбат алу сәті
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі «Мағжан Жұмабаев музейі» Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің картасына енгізілді. Бұл тарихи маңызы зор ғимарат ақынның балалық шағы өткен Сарытомар ауылында орналасқан. Мағжан Жұмабаев атындағы мұражайдың экскурсоводы Айгүл Жүнісбаева «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобына жәдігерлер туралы түсінідіріп жатыр.
Мағжан Жұмабаев атындағы мұражайда 500-ден астам құнды жәдігер сақталған.
Жоба жетекшісі Дулат Әбіш Мағжан Жұмабаев атындағы мұражайындағы ақынның жеке заттарымен танысуда.
Жоба жетекшісі Дулат Әбіш Мағжан Жұмабаев атындағы мұражайдың естелік кітабына тілек жазу үстінде.
Мағжан Жұмабаев ауданына қоныстанған Түркістан облысының тумалары Сәуірбек Қуанышбекұлының отбасы және «Айғақ» телеарнасының редактор Бағлан Байкөбекқызы