Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ұлттық бюрода ауыс-түйіс: 9 департаментке жаңа басшылар тағайындалды
    Жаңалықтар

    Ұлттық бюрода ауыс-түйіс: 9 департаментке жаңа басшылар тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.08.2018273 Views

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода тағайындаулар жүргізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Ведомcтвоның ресми өкілі Нұрлан Жахинның айтуынша, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы департамент басшылары ауысты.

    Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нығмеджан Сапаров тағайындалды. Ол осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті басқарған.

    Жамбыл облысы бойынша департаменттің басшысы болып Әділхан Әшірбаев тағайындалды, осыған дейін Қызылорда облысы бойынша департаментті басқарған.

    Қарағанды облысы бойынша департаменттің басшысы қызметіне Денис Шакенов келді. Шакенов мұның алдында Павлодар облысы бойынша департаментті басқарған.

    Қостанай облысы бойынша департаменттің басшысы болып Сергей Потанин тағайындалды. Ол осыған дейін Шығыс Қазақстан ойынша департаментті басқарған.

    Маңғыстау облысы бойынша департаменттің басшысы қызметіне Елдос Сағиев келді. Сағиев мұның алдында Қостанай облысы бойынша департаменттің басшысы болған.

    Павлодар облысы бойынша департаменттің басшысы болып Ержан Ибраимов тағайындалды. Ол мұның алдында Алматы бойынша департаменттің басшысы болған.

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің басшысы қызметіне Құрмаш Сейітбеков келді. Сейітбеков осыған дейін Алматы бойынша департаментті басқарған.

    Шымкент бойынша департаменттің басшысы қызметіне Мұрат Қарымсақов келді. Ол бұған дейін Жамбыл облысы бойынша департаментті басқарған. Түркістан облысы бойынша департаменттің басшысы болып Нұрлан Қамбатыров тағайындалды. Қамбатыров осыған дейін ОҚО бойынша департаменттің басшысы болған.

    «Бір лауазымда ұзақ мерзім жұмыс атқарудың еңбек өнімділігін төмендетіп, қызметкердің ой-өрісінің бір учаскісінің шеңберімен шектеліп қалатындығын, сонымен қатар өз іс-әрекетін жаңа әдістермен және формалармен толықтыра алмайтындығы дәлелденді. Қызмет орындарын ауыстыру жағдайды салыстыру және жаңа ахуалға тез бейімделуге мүмкіндік жасайды. Сонымен ротация, жершілдік элементтерін жоюдың кепілі, тар шеңбердегі кәсіби мүдделер бірлескен мүдделерге қарама-қарсы қойылатын кезде, жоғары буын басшыларын дайындау бағдарламасында міндетті элемент болып табылады. Ол әлеуметті ашудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады және ол әлеуетті қалыптастыру уәждемесі үшін басымдық береді», — делінген хабарламада.

    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.