Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қостанайда теледидар шығаратын зауыт салынады
    Жаңалықтар

    Қостанайда теледидар шығаратын зауыт салынады

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.08.2018361 Views

    Қостанайдағы индустриялдық аймаққа қытайдың HKC Corporation Limited (HKC) компаниясының мамандары мен басшылары келді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесуде екі жақ Индустриялық аймақтан орын тебетін мониторлар мен телевизор құрастыру зауытының құрылысы туралы мәселені талқылдады. Оған қытайлықтар 20 млн доллар инвестиция салмақ, болашақ зауыт жылына 3 млн теледидар шығыратын болады.

    «Қостанайдың біз үшін тиімділігі оның Ресеймен жақын орналасуында болып отыр. Өнімді өткізуде біздің жоспарымыз үлкен. Біздің мақсат әлемдік нарықа шығу болмақ. Голландияда жылына 2 млн теледидар өндіретін зауытымыз бар. Ал Қостанайдағы зауыт Тәуелсіз достастық елдеріндегі теледидар шығаратын жалғыз кәсіпорын болмақ» дейді қытайлық компанияның президенті Ли Джин.

    Қытайлық инвесторлар зауыт құрылысына бүгін кірісейін деп отырған жоқ. Олар жобаның бүге-шігесіне дейін зерттеп, қарап алыған соң ғана іске кірісетінін айтты. Жоба бойынша 500 қостанайлық жұмыс орнын табады. Сонымен қатар HKC Corporation Limited компаниясы жергілікті колледж студенттерін дуальдық бағдарламамен оқытатын болады.

    Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қытайлық инвесторларымен бұл өңірдегі алғашқы жұмыс емес екенін айтты. Бұдан бұрын машина құрастыру және ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу саласында да қытайлармен келісім болған.

    «Бүгін біз қытайлық инвесторларға Индустриялық аймақтан орын ұсынамыз. Осыған дейін мұнда 11 жобаны жүзеге асырдық. Ең бастысы Ресеймен салыстырғанда бізде корпоративті салық барлығына – 20 пайыз, ал табыс салығы бізде көршілерге қарағанда 6 пайызға төмен. Ресейде 18 пайыз болса, бізде ол – 12 пайыз.Қытай компаниясымен ынтымақтастыққа біз дайынбыз. Біз мұндай техниканың 90 пайызын сыртқа шығарамыз. Зауыт өнімімен тек Қазақстанды ғана емес, Ресейді де қамтамасыз етуге болады» деді Архимед Бегежанұлы.

    Екі жақты келісім бойынша жобаны және оның жол картасын жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылды.

    Еgemen.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.