Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бахадыр Нарымбетов — «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
    Жаңалықтар

    Бахадыр Нарымбетов — «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.08.20181 473 Views

    «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалының кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы төрағалық етіп, жүргізді.

    Жиынның күн тәртібіндегі мәселелер — «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасарларын тағайындау болатын. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысымен, Партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы тағайындалды.

       

    Бахадыр Мәдәліұлы — 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі — жоғары. Еңбек жолын 1999 жылы училищеде оқытушы болып бастаған.

    2001 жылы мемлекеттік қызметке өтіп, ОҚО ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жұмыс атқарған.

    2004 жылы — мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінде, 2006 жылы Президент Әкімшілігінде ішкі саясат басқармасында қызмет істеген.

    2006-2008 жылдары облыстық ішкі саясат департаментінің директоры болған. 2009 жылы Президент — Әкімшілігі баспасөз хатшылығының ұйымдастыру секторының меңгерушісі, 2010 жылы Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, 2010-2015 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

    2015 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша газ тасымалдау басқармасының директоры қызметін атқарып келді.

    Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысымен, Партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың  бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары қызметіне Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы тағайындалды.

       

    Бекайдар Мұсаұлы 1962 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі — жоғары. Еңбек жолын 1979 жылы Кентау байыту фабрикасында жұмысшы болып бастаған. Шымкент автопаркінде, «ЮжКазЭнерго» бірлестігінде  инженер, коммерция бөлімінің бастығы болған. Кейіннен «Энергоорталық-3» акционерлік қоғамында бас директордың орынбасары болып жұмыс жасаған.

    2006 жылдан бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

    Партия филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов жаңа орынбасарларының жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.