Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Қазақстанда сырттай білім алу түрі өзгертіледі
    Білім

    Қазақстанда сырттай білім алу түрі өзгертіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.08.2018585 Views

    Қазақстанда жоғары білімді «part-time» жүйесі бойынша алуға болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Бұдан бұрын хабарланғандай, елде сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылады.

    «Біз «part-time» институты қажет екенін көріп отырмыз. Осының қажеттігін сезініп отырған азаматтар бар, себебі өмірде түрлі жағдайлар туындайды. Алайда бұл институт өзгертіледі. Қазіргі кезде тиісті нормативтік-құқықтық база дайындалып жатыр. «Part-time» арқылы білім беруге болады, бірақ біршама түзетулер ескеріледі. Біріншіден, олар міндетті түрде 65 емес, яғни білім стандартына сәйкес тиісті бағдарлама бойынша кредиттердің көлемінен 100 пайызын оқитын болады. Екіншіден, біз қашықтықтан оқытатын технологияларды пайдаланамыз. Ол үшін прокторингтің арнайы жүйесін әзірлеу қажет», — деді вице-министр баспасөз мәслихатында.

    Оның сөзіне қарағанда, сырттай оқитын студенттер күндізгі бөлімдегі қатарластары иегеріп жүрген көлемнің 65 пайызға жуығын қамтиды. Дегенмен де олар бірдей дипломдарды алады және нарықта олардың қайсысы білімін сырттай меңгергенін білмей жатады.

    Сонымен қатар, вице-министр ағымдағы жылы бұрынғы норма бойынша білім беру жалғасатынын, сәйкесінше, ЖОО-лар студенттерді дәстүрлі жүйемен қабылдай алатындығын нақтылады. Мұнымен қоса, аталған форма аясында оқып жатқандар да дипломдарын алғанша оқуларын жалғастырады.

    А. Аймағамбетов сырттай білімді тоқтату қадамына тоқтала келе, аталған формаға 2010 жылдан бастап ішінара тыйым салынғанын жеткізді. Мәселен, сырттай оқуға жоғары білімді екінші мәрте алатындар немесе ұлттық біліктілік шеңберінің үшінші деңгейіндегі колледж түлектері түседі. Соның өзінде, көп мамандықтар олар үшін қолжетімсіз. Мысалы, медицина, ветеринария, құрылыс және басқа бағыттар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.