Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Ұлы Дала» этнофестивалі Керекудің дарxан даласында
    Жаңалықтар

    «Ұлы Дала» этнофестивалі Керекудің дарxан даласында

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.08.20181 204 Views

    Қазақта киесіз жер жоқ. Қарт Ертіс кесіп өткен Кереку өлкесі. Осында өтіп жатқан «Ұлы дала» этнофестивалі дарxан далада өз жалғасын тапты. Павлодар қаласының іргесінде киіз үйлер тігіліп, ұлттық киім киген жұрт салт-дәстүрді жаңғыртты. Яғни, Павлодар-Астана тас жолы бойында Ертістің оң жағалауында жүзден аса киіз үйден құрылған этноауыл бой көтерді. Бұқар жырау, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұса Шорманұлы және Естай ауылы секілді бірқатар үйлер тігіліп, қазақ өнерін тамашалады.

    dsc_0118
    Ал, айтулы мерекені тойлауға таңертеңнен бастап жиылған көпшіліктің  қарасы қалың. Дархан далада жалғасын тапқан  этнофестивальді көпшілік ерекше қуанышпен тойлауда.

    img-20180804-wa0023

    Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламалардан соң келген қонақтар арнайы тігілген киіз үйлерді аралады. Ал мұнда қазақы салт-дәстүр, жөн жоралғыларды дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.

    2

    dsc_0136

    Қазақ халқының ежелгі үрдісін жандандыру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау мақсатындағы шараға үлес қосқан ұжымдар да бұл күні ұлттық киім киіп, мерекенің сәнін аша түсті. Жүрекке жылулық беріп, жанды жадырата түскен дархан даланың төсінде өтіп жатқан игі шара адамзат баласы үшін рухани құндылығымен ерек.

    Павлодардың төрінен табылған қауым бұл күні  ұлттық ойындардың жарысына да куә болды. Даланың дархан пейілін, қазақтың қайталанбас болмыс бітімін, салт-дәстүрі мен өнерін паш еткен дүбірлі той өтті.

    3

    Айта кетейік, сапар барысында «Айғақ» арнасының шығармашылық тобы тарихтағы тұлғалар, Павлодар өлкесінен шыққан таланттар туралы сыр шертетін музейге арнайы барып, түсірілім жасады. Онда Елбасының саясатын қолдап, арнайы шақыртумен Түркістан қаласының тумасы Жеңіс Молдабеков директорлық қызметті атқарып жатыр.

    pav-muzey

    Түркістан өңірінен Павлодарға арнайы барған «Айғақ» арнасының шығармашылық ұжымы Керекуде жерлестерді жолықтырып, сұхбаттасып қайтты.

    smi

    Әріптесіміз Нұрлыбек Жеңіспен кездесу

    dsc_0140

    Сарыағаш ауданының «Құрметті азаматы» Сабеков Сабыр Қожатайұлымен кездесу

    dsc_0007

    Керекуге Түркістаннан барған «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы дүбірлі тойға қатысып, жолға шықты. Алда  2000 шақырым жол күтіп тұр.

     «Ұлы Дала» этнофестивалі туралы толығырақ алдағы уақытта «Айғақ» арнасынан толыққанды көре аласыздар.

    Бағлан Байкөбекқызы.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.