• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 55 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА 1 СЫНЫПҚА БАРАДЫ

03.08.2018
0

Түркістан облысында 2018-2019 жаңа оқу жылында 1 381 балабақша, 907 мектеп және 94 колледж жұмыс істейтін болады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұдан өткен жылмен салыстырғанда биыл білім беру нысандары 4-уге артқанын көруге болады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді.

Оның сөзінше, өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

«Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 105,5 млн. теңге қаралып, білім мекемелерінде әктеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп, қазір олардың жартысынан көбі  жаңа оқу жылына дайын. Барлық білім нысандарын 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. 2018 жылы 47 білім нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық және жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінген. Оның 40-ы мектеп, 1-еуі мектеп-интернат, 6-ауы колледж.», – деді басқарма басшысы.

2018-2019 оқу жылында өңірімізде 54915 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Жаңартылған білім беру мазмұнына 3,6,8 сыныптардың көшуіне байланысты оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен 4,9 млрд. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өтеді деп жоспарлануда. Аталған шара аясында 2017 жылы облыстағы аз қамтамасыз етілген және көп балалы 26749 отбасы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалпы құны 314 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, облыстық білім басқармасына қарасты «Тау Самалы» облыстық мамандандырылған оқу-сауықтыру орталығы» МҚКК коммуналдық меншіктен мемлекеттік мүлікті тапсыру ережесіне сәйкес, мүліктік кешен ретінде «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының меншігіне өткізілді. Енді «Тау Самалы» орталығы Қазақстанның барлық аймағынан, атап айтқанда Алматы, Түркістан облысы сияқты халқы тығыз орналасқан аймақтардан балаларды барынша қамтуға мүмкіндік береді. «Тау Самалы» орталығының «Балдәурен» РОСО балансына көшуі қызметкерлердің штатының сақталуын қамтамасыз етеді және аталған аудан тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындары ашылатын болады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.