Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Журналистер оққа ұшты
    Жаңалықтар

    Журналистер оққа ұшты

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.08.2018270 Views

    Орталық Африка Республикасында ресейлік үш журналист оққа ұшты. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 30 шілде күні ел астанасы Бангиден 300 км жердегі Сибю қаласының маңынан журналистік құжаты бар үш адамның мәйіті табылған.

    Кейін қаза тапқандардың аталған елге ресейлік әскерилер жайында фильм түсіруге барған Кирилл Радченко, Алек­сандр Расторгуев және Орхан Джемаль екендігі анықталып отыр.

    Осы жағдаятқа байланысты Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми хабарламасында «Өкінішке қарай Ресей елшілігі Орталық Африка Республикасына ресейлік журналистердің келгендігінен хабарсыз болды. Қазір дипломатиялық мис­сия өкілдері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау және мәйіттерді елге жеткізу мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарымен және мемлекеттік құ­ры­лымдармен тығыз жұмыс жасауда», де­лінген.

    Марқұмдарға жақын адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлауынша, ресейліктер мінген автокөлік белгісіз қарулы адамдардың шабуылына тап болған. Өткізу бекетіне таяған көлікке тасадан оқ атылып, бұл шабуылдан тек көлік жүргізушісі ғана аман қалған.

    «Интерфакс» агенттігінің болжамын­ша, қаскөйлер автокөлікке тонау мақ­сатында шабуылдауы мүмкін. Қаза тапқан Орхан Джемаль 51 жаста. Ол әр уақыттары «Вечерняя Москва», «Не­за­висимая газета», «Новая газета» және басқа да басылымдарда еңбек еткен. Әскери тілші ретінде соғыс өрті өр­шіген Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Осе­тия, Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы шай­қастардың ортасына барып хабар та­рат­қан.

    Сондай-ақ 47 жастағы режиссер Алек­сандр Расторгуев пен 33 жастағы опе­ратор Кирилл Радченконың да не­бір шиеленіскен аймақтарда жұмыс тә­жі­рибесі бар мамандар екендігі белгілі болды.

    Жалпы, Орталық Африка Республикасында соғыс өрті 2013 жылы тұ­тан­ған болатын. Соңғы бес жылдықта елдегі билік қолдан-қолға өтіп, аймаққа БҰҰ-ның бітімгерлік күші де енгізілген еді. Осыған қарамастан республикада қарулы қақтығыстар толастамай тұр.

    «Шекарасыз репортерлер» ха­лық­аралық ұйымының мәліметтеріне сү­йенсек, өткен жылы әлем бойынша 65 журналист мерт болған. Ұйымның де­ректеріне қарағанда, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі үшін Сирия, Мексика, Ауғанстан, Ирак және Филиппин мемлекеттері қауіпті саналады.

    Дереккөз: egemen.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.