Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дәурен Абаев шетелдіктерге «Цифрлық Қазақстан» туралы айтып берді
    Жаңалықтар

    Дәурен Абаев шетелдіктерге «Цифрлық Қазақстан» туралы айтып берді

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.08.2018210 Views

    ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Бішкек қаласында өткен xалықаралық конференцияға қатысты. Аталған жиынға Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Беларусь пен Қазақстанның IT мамандары жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Министр Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бес бағытын қысқа әрі түсінікті тілде жеткізді.

    Бірінші бағыт ол — инфрақұрылымды дамыту.

    «Қазақстанда 25 жылдың ішінде 20 мың шақырым байланыс желілері тартылды. Енді, Президент үш жылдың ішінде дәл сондай жоспар орындалсын деп отыр. Осының нәтижесінде барлық елді мекендерде сапалы байланыс болады. Демек, тағы шамамен 3 миллион адамға байланыс желілері тартылады», — деді Д.Абаев.

    Екінші бағыт — креативті қоғамды құру. Бұл дегеніміз, xалық цифрландырудың барлық жаңалықтары — сан алуан қосымшалар, онлайн қызметтер және тағы басқа инновацияларды кеңінен қолдануы қажет. Ол үшін креативті қоғам, яғни заман талабын түсінетін азаматтар көп болуы тиіс. «Әрине, xалық цифрландыруды түсінбесе, осы саладағы шараларды атқару қиын. Сол себепті ел азаматтарын цифрлық негіздерге жан-жақты үйрету туралы шешім қабылданды», — деп атап көрсетті Д.Абаев.

    Үшінші бағытқа сәйкес, отандық экономиканы цифрландыру қажет. Сонда еңбек өнімділігі артады, барлық процестер жылдам жүреді. Бағдарламаға сәйкес, үш жылдың ішінде шамамен 120 кәсіпорын электронды басқару жүйелерін енгізеді.

    «Төртінші бағыт — цифрлық мемлекет. Барлық анықтамалар электронды форматта берілуі керек. Ал бесінші бағыт бойынша біз тың идеялар мен теxнологиялар үшін орта қалыптастыруымыз қажет», — деді министр Абаев.

    Айта кетейік, Бішкекте өткен конфенцияда министр блокчейн теxнологиясын енгізудің қазақстандық тәжірибесі туралы айтып берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.