Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Жамбыл облысында ветеринариялық вакциналар зауыты салынады
    Денсаулық

    Жамбыл облысында ветеринариялық вакциналар зауыты салынады

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.07.2018186 Views

    Жамбыл облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, биылғы жылы облыста құны 16 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың арасындағы ең ірісі ветеринариялық вакциналар зауытының құрылысы. Кәсіпорын жануарларға арналған вакциналарды сауықтыру, даигностика және жануралар арасындағы ауруларды емдеу мақсатында GMP және GLP стандарттары бойынша шығарады.

    Сондай-ақ құны 2 млрд теңге болатын биокомбинат Қордай ауданында пайда болады. Алғашқы жылы зауыттың жобалық құны жылына 25 млн доза вакцинаны құрайды. Болашақта кәсіпорынның қуатын 3 есеге арттыру жоспарланып отыр. Зауыттың құрылысымен «BioVetKZ» ЖШС айналысуда. Аталмыш серіктестіктің басты қызметі ветеринария саласындағы дәрілік препараттарды шығару. Компания вакцияналардың 11 түрін шығармақ.

    «Жамбыл облысы жыл сайын ауыл шаруашылығы саласындағы жануарларға арналған вакциналарды сатып алуға мол көлемде қаржы жұмсайды»,-деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Сатып алынатын вакциналар бруцеллез, сібір жарасы, аусыл сияқты көп тараған аурулардан қорғайды. Болашақта вакциналарды сату нарығын кеңейтіп, Орталық Азия, Қытай мен Түркияны да қамту жоспарда бар.

    Айта кетейік, индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында өңірде 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аталған шараларға орай, жаңа аймақта өндірістер іске қосылып, 6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

    Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған 2 жылда 23 жоба іске қосылып, 1,5 мың жамбылдық жұмыспен қамтылды. Қалған 19 жоба 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Олардың біраз бөлігі биылғы жылдың екінші жартысында іске қосылады.

    Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша, алдын ала жоспарланған 8 жобаның 4-уі Таразда іске қосылады. Қалғандары Қордай, Байзақ, Мойынқұм және Меркі аудандарында қолға алынатын болады. Жаңа жобалардың арқасына 947 жұмыс орны пайда болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.