Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Баянауылда Мәшһүр Жүсіптің өзі жазған қолжазбалары көрсетілді
    Жаңалықтар

    Баянауылда Мәшһүр Жүсіптің өзі жазған қолжазбалары көрсетілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.07.2018835 Views

    Баянауыл ауданына Ұлттық ғылым академиясының қорынан ойшыл, философ, жазушы Мәшһүр Жүсіптің өз қолынан шыққан құжаттары жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

    Алматыдан әкелінген жазбалар Мәшһүр Жүсіптің музейі мен Ескелді шатқалында қойылды. Жұртшылық назарына сирек кездесетін 14 құжат көрсетілді.

    «Мәшһүр Жүсіптің еңбектері бар кітаптардың кейбірі жазушының көзі тірі кезінде жарық көрген. Бұл кітаптар өткен ғасырдың басы мен ортасында тіркелген»,- дейді Ұлттық ғылым академиясы орталық кітапханасының қызметкері Гүлшат Әбікова. Баянауылда Мәшһүр Жүсіптің өзі жазған қолжазбалары көрсетілді.

    012

    Музейде өткен көрмеге жазушының ұрпақтары да қатысты. Олардың арасында өзінің ұлы бабасының ісін жалғастырып жүргендер де бар. — Мәшһүр Жүсіп өз жазбаларында ескі араб жазбасын қолданған, — дейді жазушының шөбересі Нартай Жүсіпов. — Қазақстанда бұл кітаптарды аударатын адамдар өте аз. Мен он жасымнан осы жазбаны меңгере бастағанмын және өмір бойы атамыздың қолжазбаларын аударумен айналысып келемін. Оның кейбіреулері 500-600 беттен тұрады».

    Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Араб және парсы тілдерін жетік меңгергенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысқан. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсаған. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады.

    Фото: pavlodarnews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.