• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА: ҮЗДІКТЕРГЕ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ

28.07.2018
0
Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.
«Өткен айда кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне қатысты аудандарды аралау сапарымызды бітірдік. Бұл шараның өзге сапарлардан ерекше айырмашылығы бар», — деген Палата басшысы бұл жайтты былайша түсіндіріп берді, деп хабарлайды Қызылорда облысының баспасөз қызметі.
«Біріншіден, бұл сапарда облыс әкімінің өзі бас болып, барлық ауданда саланы дамытуға қатысты арнайы мәжіліс өткізді. Жауапты мамандардың есептерін тыңдап, аудан, ауыл әкімдерінен бұл бағыттағы жұмыстардың кемшін тұстарының себеп-салдарын сұрап, жұмысты қатаң талап етті. Екіншіден, аймақ басшысы қатысқан аталмыш мәжілістерде Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директорлары қысқаша хабарлама жасап, ауданда Палатамен атқарылып жатқан жұмыстарға есеп берді», — деді Ғалымбек Жақсылықов.
Айта кету керек, биылғы жыл біздің облысымызда «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып бекітілді. Саланы дамыту үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Осы ретте, облыс басшысы әкімдікке қарасты барлық лауазымды тұлғаларды (облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары) ауданға, тіпті ауылға жауапты ретінде бекітіп, тоқсан сайын кеңейтілген жиында сол ауылда, ауданда кәсіпкерліктің даму көрсеткіші, ұсынылған, қаржыландырылған жобалар, тіпті жауапты лауазымды тұлғаның саланы дамыту үшін нақты қабылдаған шаралары туралы есеп алып отыр. Ал бекітілген мемлекеттік қызметкерлер ауданды, ауылды аралап, әкімдерімен байланысып, жобаларды қорғауға қатысып, белсенділік танытуда.
Кәсіпкерлер палатасының директоры кәсіпкерлікті дамытуға қатысты белсенді жұмыс жасап отырған мемлекеттік қызметкерлерге де тоқталып өтті.
«Қазалы ауданы Қызылқұм ауылдық округіне жетекші облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Акимов Олжастың, Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылына жетекші облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғаттың, Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылына жетекші облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бердаулетов Бағдаттың, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылына жетекші облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Жолдасов Ержанның, Шиелі ауданы Гигант ауылына жауапты облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының  орынбасары Ысмағұлов Талғаттың, Шиелі ауданы Ортақшыл ауылына жауапты облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жакыпбаева Әлияның жауапкершілігін атап өткім келеді», — деді Ғалымбек Жақсылықов.
Палата директоры жағымды жаңалықпен де бөлісті. Облыс әкімі облысымыздың әр ауданы және Қызылорда қаласы бойынша үздік кәсіпкерлерді, облыс бойынша бір үздік ауыл әкімін және бір жауапты бекітілген тұлғаны, сондай-ақ Палатаның аудандағы 1 филиалын 1 млн. теңгеден қаржылай сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылдады. Нәтижесі жыл соңында белгілі болатын болды.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.