Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Санитариялық авиация қызметі ауылдық жерлерде науқастарға мамандандырылған көмек көрсету уақытын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік берді
    Денсаулық

    Санитариялық авиация қызметі ауылдық жерлерде науқастарға мамандандырылған көмек көрсету уақытын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік берді

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.07.2018202 Views

    Санитариялық авиация қызметі ауылдық жерлерде науқастарға мамандандырылған көмек көрсету уақытын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік берді, деп мәлім етті ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

    Бүгінгі таңда қан айналымы жүйесінің аурулары ҚР-дағы өлім-жітім себептерінің бірі болып табылады. Миокард инфарктінің дамуы және шұғыл араласу арасындағы уақытты қысқартуға мүмкін әрбір минут, жүрек бұлшық өміршеңдігі сақтауға мүмкіндік береді, яғни инфаркт зақымдану аймағын азайтады.

    Қан айналымы жүйесінің аурулары себебінен санавиация ұшулары ұшу қызметінің едәуір үлесін құрайды. Бұл инфаркт және инсульт алған науқастарға облыстық және республикалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық ұйымдар жағдайындағы көмек қажет.

    Тек ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР санавиация қызметімен осындай 265 науқас тасымалданды. Қан айналым жүйесі аурулары себебінен ең көп ұшуды «әуе жедел жәрдемі» Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарында орындады.

    Жақында Қазақстанның санитариялық авиация күшімен жіті инфарктпен 1961 жылы туған Шалқар қаласы тұрғыны тасымалданды. 2018 жылғы 25 шілде әйел денсаулығының нашарлауына шағымданып, тұрғылықты жері бойынша жедел медициналық жәрдем қызметіне барды және Шалқар аудандық ауруханасына жатқызылды. Науқас жағдайының ауырлығына, сондай-ақ аудандық медицина мекемелері жағдайында қажетті медициналық көмек көрсету мүмкін болмағандықтан, оны Ақтөбе медициналық орталығына тасымалдау жөнінде шешім қабылданды. Санавиация күштерін пайдалану науқасты Ақтөбе қаласы медициналық мекемесіне жеткізу уақытын 4 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Осындай диагноз қойылған науқастар үшін рұқсат етілмеген жер үсті автокөлігімен тасымалдау 7,5 сағат асатын уақыт алар еді.

    2018 жылғы 25 шілде сағат 12.00-де санитариялық авиация ұтқыр бригадасының және реаниматолог-дәрігерінің алып жүруімен науқас Ақтөбе қаласы медициналық мекемесіне сәтті жеткізілді.

    Қазір әйел жансақтау бөлімінде, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

    Бүгінде алыс аудандардан науқастарды санавиация күшімен жедел жеткізу жүйесі ҚР барлық өңірлерінде тиімді жұмыс істейді. Бұл өлім-жітім көрсеткіштерін жақсартуға және әсіресе, ауылдық жерлердегі халықтың өмір сүру ұзақтығына әсер ететін өте маңызды бағыттардың бірі.

    Осы кезеңде санавиациямен 982 ұшу орындалды. Санитариялық авиацияның ұтқыр бригадасымен 1072 науқасқа медициналық көмек көрсетілді, 1137 медициналық қызметтер орындалды, оның ішінде: 924 науқас (81,3%) медициналық ұйымдарға тасымалданды, 143 консультация (12,6%) және 70 операция (6,2%) жүргізілді.

    Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.