Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстанда зиянды химиялық кәсіпорындарды лицензиялау аяқталды
    Денсаулық

    Қазақстанда зиянды химиялық кәсіпорындарды лицензиялау аяқталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.07.2018450 Views

    Қазақстанда зиянды химиялық кәсіпорындарды лицензиялау аяқталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Хабарда айтылғандай, ҚДСҰО-ның бір топ сарапшылары ҚР ДСМ басқаруымен Тбилисиде өткен химиялық заттарды басқару мәселелері талқыланған кездесуге қатысты.

    Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бір топ сарапшылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруымен Тбилисиде (Грузия) өткен «Шығыс Еуропа және Кавказдың кейбір елдерінде химиялық заттарды тиімді басқару үшін ұлттық жүйелердің негізгі элементтерін құру» жобасын енгізу жөніндегі бірінші жиынға қатысты.

    Іс-шараға ДДСҰ-ның Грузиядағы елдік кеңсесінің басшылығы, Германия, Грузия, Қазақстан және Беларусь Республикасының өкілдері және т.б. қатысты.

    Жобаны ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы ұсынды. Орындаушысы: ДДСҰ-ның қоршаған орта және денсаулық жөніндегі еуропалық орталығы. Жобаның серіктестері – Қазақстан, Грузия және Беларусь Республикасы.

    Жобаның мақсаты: қатысушы елдер арасында химиялық заттарды тиімді реттеуін енгізу бойынша тәжірибемен алмасу; Химиялық заттардың ұлттық регистрін және химиялық заттар туралы ақпаратпен алмасу, онлайн-жинақтау үшін техникалық база құру; ұлттық деңгейде Химиялық заттарды тиімді реттеу жөнінде жол картасын әзірлеу, халықаралық және ұлттық деңгейде Жоба туралы хабардарлықты арттыру.

    Қазақстан бойынша жобаны іске асыру бойынша үйлестіруші орган – ҚР ДСМ

    Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.

    Кеңесте қазақстан делегациясы елде химиялық заттарды басқару жөніндегі ахуал және жобаны енгізу бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Түгендеу жүргізілгені және мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгені, химиялық заттар мен пестицидтерді паспорттау туралы айтылды. Қауіпті заттарды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті өндіріс объектілерінің жұмыс істеуі бойынша талаптар заңнамалы тұрғыда бекітілді. Қауіпті химиялық кәсіпорындарды лицензиялау аяқталды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесі жетілдірілуде. Республика Роттердам, Базель, Стокгольм және қауіпті химиялық заттар мен олардың қалдықтарының айналымын бақылау бойынша басқа да конвенциялар бойынша халықаралық міндеттемені қабылдады. Химиялық заттарды басқару бойынша 10-нан аса халықаралық жобалар іске асырылды.

    Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының мүшелері 3 жыл бойы, яғни 2018 – 2021 жылдары кадрларды оқыту; ақпараттық базаны қалыптастыру; заңнаманы жетілдіру; аурудың өршу тәуекелін болжамдау бағдарламасын әзірлеу және химиялық қауіпсіздік ахуалды мониторингтеу; Химиялық заттардың ұлттық регистрін құру және енгізу, Ұлттық жол картасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілетіні жөнінде хабардар етті.

    Кеңес барысында барлық министрліктердің, ҮЕҰ және ҚР халқының күшті шоғырландыруын талап ететін үш елдің ұлттық деңгейдегі қысқа мерзімді міндеттері айқындалды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.