Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістан облысының әкімі Хубэй провинциясының өкілдерімен кездесті
    Жаңалықтар

    Түркістан облысының әкімі Хубэй провинциясының өкілдерімен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.07.2018274 Views

    Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясынан келген делегациямен кездесті. Хубэй провинциясының Халық өкілдері жиналысы жанындағы тұрақты комитеті директорының орынбасары Ван Лингпен болған жүздесуде аймақ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.
    «Өздеріңізге белгілі, 2017 жыл «ҚР-дағы ҚХР-дің туризм жылы» болып жарияланды. Осы шараның аясында былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында «Ontustik Tourism. Invest – 2017: Ұлы Қытай қорғанынан Ұлы Жібек жолының жүрегіне дейін» халықаралық форумы өтті. Нәтижесінде, Пекинде виза орталығы ашылса, Астанада Қытай мемлекеттік туризм басқармасының өкілдігі жұмысын бастады. Біз бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыруға дайынбыз. Әсіресе, қос тараптың туризм саласындағы жұмысы жанданса жан-жақты қолдауға әзірміз», — деді Ж.Түймебаев.
    Басқосуда, сондай-ақ, өңір басшысы аспан асты елінің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, мұнайгаз, мұнай-химия, машина жасау, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

    16219b1d-73dc-4fd9-ba37-8caf704d7ece
    Көршілес елден келген жұмысшы топты басқара келген В.Линг ханым аталған салалар аясында ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді.
    Айта кетейік, бүгінде Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің түрлі салалардағы бірлескен 51 жобасы жүзеге асырылып жатса, оның 5-уі Түркістан облысы мен Шымкент қаласының еншісінде.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.