Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық суретші Күйіков 2018 жылы «Ядросыз болашақ үшін» сыйлыңының жеңімпазы атанды
    Жаңалықтар

    Қазақстандық суретші Күйіков 2018 жылы «Ядросыз болашақ үшін» сыйлыңының жеңімпазы атанды

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.07.2018675 Views

    Қазақстан суретшісі, АТОМ жобасының Құрметті елшісі Қаріпбек Күйіков 2018 жылы «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    Хабарда айтылғандай, халықаралық қазылар алқасы мүшелерінің шешімі 16 шілдеде «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығы қорының сайтында жарияланды. Сыйлықты тапсыру рәсімі Зальцбургте (Аустрия) қазанда өтеді.

    Қазақстандық белсендімен бірге Аустралиядан Джефри Ли және Ұлыбританиядан Линда Уолкер сыйлыққа лайық деп танылды. Тағы екі құрмет сыйлықтары француз белсенділерінің жұбы Дидье және Полет Ангерге және олардың аустриялық пікірлесі Питер Вейшке берілді.

    Суретшінің пікірінше, сыйлықтың табысталуы халықаралық қоғамдастықты ядролық сынақтардың қауіпі мен салдары туралы ақпараттандыру бойынша Қазақстан жүргізіп жатқан жұмыстың танылу белгісі болып табылады.

    «Бұл сыйлық – бүкіл Қазақстанның еңбегі! Бұл – еліміздің, АТОМ жобасының бастамашысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен және ауыр жұмысының бағасы. Республикамыз өзінің жеке үлгісімен ядролық таратпау және қарусыздану үшін қалай күресу қажеттігін көрсетті, және ядролық болашақ үшін немесе оған қарсы шешім қабылдау мәселесінде қобалжыған әлемнің басқа мемлекеттері үшін тірек болды», – деп халықаралық сыйлықтың лауреаты Қ. Күйіков баса атап өтті.

    АТОМ жобасы (Abolish Testing, Our Mission – Сынақтарды болдырмау – Біздің миссиямыз) жаһандық ядролық қарусыздану мен қоғамдық дипломатия саласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың маңызды бастамасы болып табылады. Бұл бастама БҰҰ жариялаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекеттер күні 2012 жылғы 29 тамызда Астанада «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» халықаралық конференциясында жарияланған болатын.

    АТОМ жобасының жариялану мезетінен бері алты жылда әлем бойынша бастаманың презентацияларын және өзі Семей полигонындағы ядролық сынақтардың құрбаны болып табылатын Қ. Күйіковтің суреттері көрмелерінің ұйымдастырылуын қоса алғанда ел ішінде және шетелде осы бастаманы ілгерілету бойынша анағұрлым жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта әлемнің 100 елдерінен 300 000 аса адам Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ДВЗЯИ) өз күшіне жедел енуін қамтамасыз ету жөнінде әлем лидерлеріне деген үндеумен АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойды.

    Ядролық қарудың сынақтарын тоқтатудың және нәтижесінде әлемді ядролық қарудан азат етудің белсенді күресшісі ретінде 2017 жылы АТОМ жобасының Құрметті елшісі Қ. Күйіков Халықаралық ядролық қаруға тыйым салу қозғалысына берілген Ядролық қаруды жоюда күш-жігері үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының табысталу рәсіміне шақырылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.