Мемлекет басшысы белгілі ақын, қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері мен қоғамды рухани жаңғыртудағы рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, сөз зергері алдағы шығармашылық жоспарын ортаға салды.
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке немересі Ескендірдің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.