Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ПРОФЕССОР Х.ӘБЖАНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ XV ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН КАРТАНЫҢ КӨШІРМЕСІН СЫЙҒА ТАРТТЫ
    Жаңалықтар

    ПРОФЕССОР Х.ӘБЖАНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ XV ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН КАРТАНЫҢ КӨШІРМЕСІН СЫЙҒА ТАРТТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.07.2018506 Views

    Кеше Түркістан қаласын дамыту жөніндегі алқалы жиында ерекше оқиға болды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа Ұлы Жібек Жолының картасын салтанатты түрде тапсырды.

    Бұл құжат XV ғасырда салынған. Картаның тарихы туралы Х.Әбжанов «Осыдан 4-5 жыл бұрын Алматыдағы ғылым академиясында тарихқа қатысты үлкен жиын өтті. Оған Қытайдағы Бейжің университетінің профессоры Линь Мэйцунь де қатысты. Біздің тарихымызды тыңдап,  арнайы шақырғанымызға риза болған ол сонау XV ғасырда басылған картаның көшірмесін сыйға тартты. Әлемде бұл картаның көшірмелері бір қолдың саусағының санына да жетпейді. Ал, түпнұсқасы Гонконг банкінде сақтаулы тұр. Оның құны – 20 миллион АҚШ доллары. Қытай профессоры өзіндегі екі көшірменің біреуін бізге сыйлады. Картада Ұлы Жібек Жолының бойындағы ірі қалалар мен өзендер белгіленген. Ішінде Түркістан қаласы да бар. Болашақта Түркістан облысының орталығы – Түркістанда үлкен музей салынатынын естідім. Сондықтан осы аса құнды жәдігерді Түркістандағы музейге тапсыруды жөн деп таптым», — деді.

    Құнды жәдігерді қабылдап алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Бұл карта мұражайымыздың төрінде тұрады. Түркістан қаласы туралы жәдігерлер мен археологиялық байлықтар болса бізге әкеліп тапсырыңыздар. Мұражайға қояйық. Ел көрсін. Тарихымен таныссын» дей келе профессорға ризашылығын білдірді.

    Құнды жәдігердің қазақ тарихындағы маңыздылығына тоқталған Ханкелді Әбжанов «Қытай профессоры Линь Мэйцунь жаңағы карта туралы арнайы еңбек жазған. Өзіміздің бауырымыз, белгілі тарихшы, профессор Нұрлан Кенжеахмет те осы картаны терең зерттеп, кітап жазып қойды. Өйткені, ол түркі тіліндегі жер-су аттарын жақсы біледі. Соларды атап көрсете білді.  Әттеген-айы, құнды еңбегін баспадан шығара алмай жүр. Қазір қолжазба күйінде тұр», — деп, маңызды мәселені айтты.  Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кітапты жарыққа шығаруға қолдау көрсететініне уәде беріп, профессорды қабылдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.

     

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.