Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Отырар қалашығы таяу жылдары тарихи келбетіне енеді
    Жаңалықтар

    Отырар қалашығы таяу жылдары тарихи келбетіне енеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.07.20181 424 Views

    Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Отырар ауданында жұмыс сапарымен болып, «Отырар төбе» қалашығында арнайы мамандармен бас қосты. Түркістан қаласының дамуы бойынша келген сәулетшілер мен археолог, тарихшылар сынды өз саласының білгірлері жиналған Отырар қалашығындағы басқосуда аймақ басшысы кезінде көне шаһардың агломерациясы мықты болғанын айтты. «Отырар қалашығына келе жатқанда бірнеше төбелер бар. Олардың бәріне зерттеу жүргізілуі керек. Кезінде Отырар үлкен қала болса, соның айналасындағы ауылдар оған қызмет жасаған. Мысалы, «Алтынтөбе» деген жерде осы шаһарға қажетті тиындарды, ақшаларды, әйелдерге әшекей бұйымдарын басқан. Одан кейін «Жаман төбе» деген жерде малды сойып етін жіберіп отырған. «Шақты төбе» дейді. Онда пышақтарды қайраған. Яғни, агломерация сол кезде болған. Қазір көне қалашықты дамытуға облыс қазынасынан қаржы бөлініп жатыр. Себебі, мұнда келетін туристерге тиісті жағдай жасалу керек. Негізінен, бұл аймақ келешекте ашық аспан астындағы музей іспеттес келбетке ие болуы керек», — деді Ж.Түймебаев.

          

    Мұнан соң, жұмысшы топ Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайын аралады. Ондағы күрделі жөндеуден өткен экспозиция залының жұмыстарымен танысты. Отырар қалашығы б.з.б I ғасырға жатады. Шаһардың аумағы ұзындығы мен еніне қарай шамамен бір күндік жер болған. Яғни, Отырар сол кезде 200 гектардай жерді алып жатыр. Қаланың мәдени орталықтарында кездесетін өрттің іздері бұл қала бір рет емес, бірнеше рет шабуылдарға ұшырағандығын көрсетеді. «Мәдени мұра» және «Ежелгі Отырарды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2004-2007 жылдары Отырар қалашығының XIV ғасырдың жұма мешіті, XVI ғасырдың тұрғын үй орамы, XI-XII ғасырлардың тұрғын жайлары, қабырғалар, орталық қақпа және «Дарваза-и суфи», стратиграфиялық шурф, XIV ғасырдың моншасы сынды бірқатар ескерткіштері зерттеліп, оларды консервациялау және музейлендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Бүгінгі күні Отырар ауданының 50 мыңнан астам тұрғыны бар. Ал ежелгі қаланы көруге жылына одан екі есе көп турист келеді. Туристерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында аудандық бюджет есебінен «Арыстанбаб» кесенесі мен «Отырар төбе» қалашығы аралығындағы 1,7 шақырым аралықты абаттандыру жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.