Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жақып Асанов: Біздің қоғамда судьялар – билер соты дәстүрін жалғастырушылар
    Жаңалықтар

    Жақып Асанов: Біздің қоғамда судьялар – билер соты дәстүрін жалғастырушылар

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.07.2018269 Views

    «Судья – абыройлы лауазым. Кез-келген заңгердің ең биік шыңы. Бұл жай ғана қабілет емес, сонымен қатар айрықша бедел, әрбір шешім үшін жауаптылықты, әділеттілік пен заңдылықты жоғары  деңгейде сезіне білу. Ойшылдар судьяны «сөйлейтін заң» деп жайдан-жай айтпаса керек» делінген ҚР Жоғарғы Соты Жақып Асанов заңгерлер қауымына жасаған Үндеуінде.

    Үндеуде толық нұсқасы:

    «Біздің қоғамда судьялар – билер соты дәстүрін жалғастырушылар. Олар ар-ожданның, әділдіктің, шешендік өнердің, терең білім мен басқа да қасиеттердің эталонына айналды. Ұлы даланың мызғымас абыройы мен сеніміне ие болды. Қазақ хандығының өркендеу дәуірі Әйтеке, Қазыбек және Төле билердің есімдерімен байланысты болуы тегіннен-тегін емес.

    Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикада сот жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Оның ең маңызды міндетінің бірі — судьяларды іріктеу жүйесін жолға қою. Судьялық қызметке ең лайықтылар мен дайындығы мықты үміткерлер ғана келуі тиіс. Ол үшін күрделі және, ең бастысы, ашық конкурс қажет. Жоғарғы Соттың бірінші басым бағдарламасы «МІНСІЗ СУДЬЯ» деп аталуы да сондықтан.

    Біз судьяларды іріктеу мен олардың карьералық өсу жүйесін жетілдірудің кешенді шараларын пысықтаудамыз. Бұл жұмыс Жоғары Сот Кеңесімен бірге жүргізілуде.

    Осы орайда сот біліміне ерекше назар аударылып отыр.  Бұл – сот билігін жақсарту мен жаңа заманғы судьяларды даярлаудың шешуші факторы. Осы міндетті Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы толығымен орындап келеді. Академия шетелдік озық тәжірибе негізінде құрылған. Бүгінгі күні ол – оқыту бағдарламасы сот жүйесінің нақты сұраныстарын ескеретін еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

    Сот төрелігі академиясының түлектері басқаларға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие.

    Оның себебі мынадай:

    Біріншісі. Болашақ судьяларды Жоғарғы Соттың судьялары мен жетекші сарапшылар оқытады. Оқу барысында судьялардың күнделікті жұмысындағы мысалдар кеңінен қолданылады. Шетелдік, соның ішінде үздік құқық мектептеріндегі тәжірибеге ерекше назар аударылады.

    Екіншісі – практикалық машық: оқыту мерзімінің 60%-ы сот органдарында тәжірибеден өтуге арналған.

    Үшіншісі – шыншылдық, адалдық, бейтараптылық сияқты жеке қасиеттерді дамыту. Өзін-өзі жетілдіре білу. Тұлғалық даму бойынша үздік бағдарламаларды қолдану. Академияда бұған аса мән беріледі.

    Іріктеу сапасын арттыру мақсатында магистранттарды қабылдау тәртібі өзгертілді.

    Емтиханның бірі – құқық салалары бойынша нақты кейстерді шешу.

    Бұдан кейін эссе жазылады. Үміткер өзі жайлы, өзінің еңбек жолы және не үшін Академия магистранты болғысы келетіні туралы әңгімелеп беруі тиіс.

    Қажетті ұпай жинаған әрбір үміткердің кәсіби қасиеттерін анықтау үшін өзім және Жоғары Соттың басқа да өкілдері олармен әңгімелесу өткіземіз.

    Академияны қаржыландыру ережесіне сәйкес үміткерлер мемлекеттік қызметші болуы тиіс екендігін бірден атап өткім келеді. Оқу кезінде олардың еңбек өтілі мен жалақысы сақталады. Сонымен қатар судьялыққа үміткерлердің заңгерлік жұмыс өтіліне қатысты қойылатын заң талаптары бар.

    Егер жігерлі болсаңыз, алдыңызға мақсат қойып, соған ұмтылсаңыз және өз өміріңізді заң мен қоғамға қызмет етуге арнаймын десеңіз, онда Сізді Сот төрелігі академиясының магистратурасына шақырамын. Бұл оқу орнында судья болу үшін қажетті білім мен қабілетке ие боласыз.

    Қабылдау барынша объективті түрде өтеді. Мен комиссияның жұмысы ашық, әділ болатынына кепілдік беремін. Академияға ең лайықтылар ғана түседі.

    Біз Қазақстанның соттарында үздіктердің үздігі жұмыс жасағанын қалаймыз! Солардың бірі болыңыз! Еліміздің дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Сізді күтеміз!

    Толық ақпаратпен htpp://academy.sud.kz сайтындағы «Оқуға түсушілер үшін» бөлімде танысуға болады».

    Дереккөз: sud.gov.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.