Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістандық әнші Молдава Республикасындағы халықаралық байқауда үшінші орын иегері атанды
    Жаңалықтар

    Түркістандық әнші Молдава Республикасындағы халықаралық байқауда үшінші орын иегері атанды

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.07.2018258 Views

    Молдава Республикасының Гагаузия автономиясында «Аймақ даусы-2018» («Bucak sesleri-2018»)Халықаралық этникалық -эстрадалық ән байқауында  Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Түркістан облысының дәстүрлі әншісі Наркенже Серікбаева үшінші орын иегері атанды.
    Биыл алтынша рет шымылдығын түрген ән додасына Қазақстан және Украина елдері тұңғыш рет қатысты.
    Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші шартында әр әнші өз тілінде ән шырқаса, екінші сынақ – өзге тілде достық әндерін орындау тиіс болатын. Осы орайда,  Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Бекжігіт Сердәлінің «Ауыл жатыр той жасап» әнімен ел ықыласына бөленген әнші бірінші кезеңнен сүрінбей өтсе, келесі кезеңде түрік әнін орындады.

    img-20180713-wa0025
    Гагаузия автономиясының мәдениет және туризм Бас басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстан, Ресей, Грузия, Болгария,Македония, Түркия,Молдава, Украина сынды 15 мемлекеттің күміс көмей әншілері жиналды.
    Сондай-ақ, дәстүрлі шараның қалыптасқан үрдісі байқау тек ауылдық жерлерде ғана өткізіледі. Осы орайда, Казаклия елдімекенінің орталық саябағында ұйымдастырылған додаға мыңдаған халық жиналып, әр елдің өнеріне ерекше құрмет көрсетсе, ақтық кезең Джолтай стадионында өтті.
    Дәстүрлі әндерді нақышына келтіре орындап, ұмыт қалған халық әндерін жарыққа шығарып, насихаттауда еңбегі орасан Наркенже Серікбаевның байқауға қатысуына Түркістан облысы әкімдігі мен облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қолдау білдірді.

    М.Сабыр

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.