Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Бекшин шетелге саяхатқа шыққанда инфекциядан сақтану әдістерін айтты
    Денсаулық

    Бекшин шетелге саяхатқа шыққанда инфекциядан сақтану әдістерін айтты

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.07.2018241 Views

    Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға шетелге саяхатқа шыққанда инфекциядан сақтану шаралары жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz.

    «Шетелге саяхатқа шығу кезінде инфекциялардың алдын алу ережелерін мұқият сақтау керек. Қазақстандықтар Таиландқа көп барады. Денге безгегін Таиландтан алып келген жағдайлар болған. Бұл безгекті Таиландтан басқа, Вьетнам, Үндістаннан және оңтүстік-шығыс Азия елдерінен жұқтыру қаупі бар. Денге безгегін тасымалдаушы маса болатындықтан, саяхатқа шыққанда дұрыс киіну қажет. Яғни, киім түсі ақшыл болса, маса, кене сияқты жәндікті көру оңай болады. Сонымен қатар, мұндай жәндіктерді жақындатпайтын жақпамайларды өзімен бірге алып шығу керек. Киімнің жеңі де, балағы да ұзын болғаны дұрыс», — деді Бекшин.

    Санитарлық дәрігер саяхатта жүргенде тамақ мәселесіне аса назар аудару керектігін айтты.

    «Теңіз тағамдарынан аулақ болған жөн. Сонымен қатар, көшеде сатылатын сусындар да қауіпті. Себебі, сусынды салқындатуға арналған мұздың лас судан дайындалуы жиі кездеседі», — деді ҚР ДСМ төрағасы.

    Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Еуропаға саяхатқа шыққан қазақстандықтар қызылша ауруын жұқтыру қаупінің жоғарылығын ескерулері керек екенін айтты.

    «Қазақстандықтар Еуропаға саяхаттауды да ұнатады. Ал Еуропада қазір қызылша ауруы өршіп тұр. Бүгінгі күні 5 мыңға жуық ауру жұқтыру фактісі тіркелген және бірнеше ондаған адам көз жұмды. Украинада 20 мыңға жуық дәл осындай факті тіркелсе, 11 бала қызылшадан қайтыс болды. Дифтерия ауруы да тіркеліп отыр. Сол себепті, бұл ауруларға қарсы екпе алмаған балаларды аталған мемлекеттерге алып баруға болмайды. Ата-аналар осыны есте ұстаулары керек», — деген Бекшин Оңтүстік Америкаға сапар шегу кезінде де сақ болуды айтты.

    Бұған дейін Бекшин жаз мезгілінде микроағзалар тез дамитын аса қауіпті тағамдар тобын атаған болатын. Сондай-ақ, ол қазақ халқы той жасауға арналған мейрамхананың асханасына емес, залдың сән-салтанына назар аударатынын  айтқан болатын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.