Ақмола облысы, Бурабай кенті Нұрсұлтан Назарбаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы жаңа туристік нысанның құрылыс жоспарымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Promenade Burabay» кешені жайлы қонақ бөлмелерді, пентхаустарды, коммерциялық орындар мен конгресс орталықты қамтиды.