Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
    Жаңалықтар

    Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.07.20181 512 Views

    ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Тілегенов Әлібек Балықбайұлы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бүгін ротация тәртібімен тағайындалған жаңа лауазым иесін облыс әкімі Ж.Түймебаев қабылдап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

    «Салық мемлекеттің кіріс көзінің басты қаржылық құралы. Барлық елдерде  мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселесіне үлкен мән беріледі. Нарықтық қатынастар қалыптасқан мемлекеттерде салықтар экономиканы басқарудың негізгі күш құралы болып табылады. Бүгінде Елбасының Жарлығымен Түркістан қаласы облыс орталығы болып, Шымкент еліміздегі үшінші мегаполисті қалаға айналды. Енді алда атқарылар іс көп. Сондықтан да Сізді салық механизмін жетілдіріп, оны ары қарай дамытады деп сенім білдіремін»,-деді облыс әкімі.

    Ә.Тілегенов 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы экономика және ұйымдастыру», ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Ұлттық Жоғары мектебін «Мемлекеттік басқару» біліктілігі бойынша, Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша оқып бітірген.

    Еңбек жолын 1983 Мақтаарал ауданы Коммунизм совхозы «Трудовосток» бөлімшесінің бухгалтері болып бастаған. Ол әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық басқармасының экономисі, аға және бас экономисі, аудан әкімінің орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік салық инспекциясы салық комитетінің басқарма бастығының орынбасары, мемлекеттік Кіріс министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Тараз қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Жамбыл, Қарағанды облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда  облысы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2010-2018 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қызылорда  облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып еңбек етіп келген.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.