Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қоғамдық даму министрлігі қоғамдық кеңестерді өзгертуді ұсынды
    Жаңалықтар

    Қоғамдық даму министрлігі қоғамдық кеңестерді өзгертуді ұсынды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.07.2018247 Views

    Қоғамдық кеңестер жөніндегі заңнаманы жетілдіру аясында қоғамдық кеңестердегі мемлекеттік органдардың қатысуын 10 пайызға дейін қысқарту ұсынылуда. Бұл туралы Қоғамдық даму вице-министрі Абзал Нүкенов Париж қаласында (Франция) өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесінің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Аталған министірліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вице-министр Абзал Нүкенов өз сөзінде қоғамдық кеңестерді жетілдіру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Ол қоғамдық кеңестер жөніндегі заң жобасы тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, ҚР Әділет министрлігіне енгізілгенін атады. Өзгерістер қоғамдық кеңес мүшелерін қалыптастыру, ротациялау, өкілеттіктерін тоқтату механизмдері және кеңес қызметін қаржылай, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болады. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестерге мемлекеттік органдардың қатысуын 10 пайызға дейін қысқарту ұсынылуда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерге қатысуы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс.

    ЭЫДҰ сарапшылары өз кезегінде, Қазақстанда қоғамдық кеңестерді жетілдіру бойынша қабылданып жатқан іс-шараларға оң баға берді. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, бұл өзгеріс қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттеріне қатысты қоғамның оң пікірін қалыптастырады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы сұхбат алаңы ретінде қоғамның сенімін арттырады.

    ЭЫДҚ отырысының негізгі мақсаты — сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Стамбулдық іс-қимыл жоспарын талдаудың 4-ші кезеңі аясында Армения, Қырғызстан және Украинаның талдау есебін, сонымен қоса Әзербайжан, Қазақстан, Грузия, Монғолия, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан бойынша аралық есептерді талқылау және бекіту.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.