Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығын таныстыру рәсіміне қатысты
    Жаңалықтар

    Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығын таныстыру рәсіміне қатысты

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.07.2018318 Views

    Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына арналған цифрландыру көрмесін аралап көрді.

    Қазақстан Президенті инновациялық қаржы технологияларын дамытуды көздейтін тиімді ортаны қалыптастыру «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің бірден-бір маңызды бағыты екенін айтты.

    – «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысушылар үшін Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің капиталы қолжетімді болады. Қаржы орталығында посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ, бұрын-соңды болмаған жағдайлар жасалды. Кеше ғана біз салтанатты жағдайда заманауи жоғары технологиялы инфрақұрылымы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысын бастадық. Бүгінде оның қызметіне америкалық НАСДАК биржасы және Шанхай қор биржасы қатысып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Таныстырылым барысында Қазақстанда инновациялық қаржы технологияларын дамыту мен ілгерілету үшін қолайлы экожүйені қалыптастыруға бағытталған бірқатар жобалар көрсетілді. Соның ішінде, e-Justice (АХҚО цифрлық сот төрелігі жүйесі), цифрлық криптобиржа, криптовалюталар үшін депозитарий, қаржылық супермаркет, киберқауіпсіздік орталығы, ислам қаржы технологиялары, халықаралық стартап бағдарламалары мен басқа да жобалар бар.

    «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Орталық Азия елдерінің басшыларына қаржы орталығы қызметінің негізгі қағидаттары және өңірдің қаржы жүйелері үшін жол ашатын мүмкіндіктер жөнінде әңгімелеп, Жібек жолының бойында орналасқан елдердің кәсіпкерлерін қаржы орталығының қызметіне белсенді атсалысуға шақырды.

    Сондай-ақ, таныстырылым рәсімінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы Лорд Гарри Кеннет Вульф және қаржы орталығының басқарушы директоры, үздіксіз кәсіби даму бюросының кураторы Ернұр Рысмағамбетов сөз сөйледі.

    Дереккөз: akorda.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.