Шымкент қалалық полициясының басшысы тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қалалық полициясының жаңа бастығын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов таныстырды.
«ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы ІІД бастығының лауазымына бұрын ҚР ІІМ Департамент бастығы лауазымын атқарған полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов тағайындалды», — делінген хабарламада.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz