• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Н.Назарбаев: Астана бүкіл әлем таныған жаңа саяси орталыққа айналды

07.07.2018
0

Салтанатты қабылдауға Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының президенттері де қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

027

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады.Елбасы «Қазақстан», «Тәуелсіздік» және «Астана» сөздерінің мәні еліміздің әр азаматы үшін айрықша екенін атап өтті.Мемлекет басшысы Астананың тарихына ерекше тоқталып, Қазақстанның қазіргі елордасы көне Бозоқ қалашығынан бастау алатынын атап өтті.– Астана ел қамын жеген Едігеден бастап Әз-Тәукеге дейінгі қазақ хандарының ордасы болған. Менің тапсырмам бойынша зерттеу жүргізген астаналық археологтар Есілдің бойындағы Күйгенжар ауылының тұсынан Әз Тәуке ханның жазғы ордасының орнын тапты, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа елордасының құрылысына атсалысқандардың бәріне ризашылық білдіріп, еліміздің барлық өңіріне Астананың мерейтойына жасаған сыйлықтары үшін алғыс айтты.– Астананың салынуымен Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Біріншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттілігіміздің барлық институттары орнықты. Астана бүкіл әлем таныған жаңа саяси орталыққа айналды, – деді Елбасы.

028

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанның бүкіл әлемге тәуелсіздік пен Астананың арқасында танылғанын айтты.Қазақстан Президенті Астана Қазақстанның геостратегиялық орталығы ретінде саяси, экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа моделінің негізін қалағанын атап өтті.– Елорда әлемдік сәулет өнерінде қала мен даланы үйлестіре білген жаңа ландшафты эстетиканы қалыптастырды. Астана күллі әлемге жаңа бейбітшілік пен келісім орталығы ретінде танылды. Бас қаламыз еліміздің тату әрі көпұлтты халқы үшін туған қаласына айналды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сонымен қатар, Елбасы Астананың еліміздегі жаңа көші-қон үдерісіне жол ашқанын айтты.– 20 жыл ішінде Астана халқы 4 есе өсіп, бір миллионға жетті. Бүкіл ел бас қаланы мақтан тұтып, елордаға қарап бой түзейді. Астананың қарыштап дамуы өңірлердің экономикасын өркендетті, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті елордада жаңа өмір салты қалыптасқанын айтып, тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін тиісті жағдай жасалғанын атап өтті.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жаңа идеялар мен инновацияларға серпін берген Астананың жетістіктеріне тоқталды.– Елордада жаһандық экономикалық дамудың өзекті мәселелерін талқылайтын Астана экономикалық форумы өткізілуде. Бас қаламыз бүгінде күллі адамзат дамуына ықпал ететін әрі тарихи шешімдер қабылданатын орталыққа айналды. Мұнда Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, Еуразиялық экономикалық одақ қабылдаған тарихи құжаттар күллі әлемнің саяси-экономикалық дамуына әсер етті, – деді Елбасы.Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін өткізу нәтижесінде «Астана декларациясы» қабылданғаны туралы айтты.– Жиырма жыл ішінде Астана жаһандық интеграцияның, қауіпсіздік пен бітімгершіліктің орталығына айналды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитінен кейін әлемдік саясат лексиконына «Астана рухы» деген түсінік берік енді. Біздің ядросыз әлем және әділ халықаралық тәртіп жолындағы сындарлы бастамаларымыз Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты емес мүшесі болып сайлануына және осы беделді ұйымға төрағалық етуіне септігін тигізді, – деді Мемлекет басшысы.

029

Қазақстан Президенті соңғы 20 жыл ішінде Астанаға 22 монарх, 180 президент, 109 үкімет басшылары және 114 халықаралық ұйым басшылары келгенін атап өтті.– Мемлекеттер басшылары мен жоғары лауазымды жауапты тұлғалардың сапарлары елдер арасындағы достық қарым-қатынастардың маңызды көрсеткіші саналады. Осындай әр сапардың арқасында Астананың бүкіл әлем бойынша достары көбейе түсті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы шет ел көшбасшыларымен жеке достығы жөнінде айтып, олардың Қазақстан астанасы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.Нұрсұлтан Назарбаев Астана мен Қазақстан қалың жұртшылық пен көптеген халықтардың жүрегінен орын алғанын атап өтті.Қазақстан Президенті елорданың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы экономиканы жаңғырту ісінде және еліміздің жаһандық экономикалық кеңістікке кірігу жолында негізгі рөл атқаратынын атап өтті.– Қала 4.0 индустриясының жаһандық технологиялық үрдісіне сай дамып келеді. Өңірлік жалпы өнім осы жылдар ішінде 190 есе өсті. Ол номиналды түрде 5 триллион теңгеге жетіп, нақты айтқанда 5,5 есе артты. 20 жыл ішінде инвестиция көлемі шамамен 8 триллион теңгені құрады. Жалпы, бас қаланы дамытуға жұмсалған мемлекет қаржысы шамамен 2,5 есе ақталды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Соңында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды елорданың 20 жылдық мерейтойымен тағы да құттықтап, бүкіл халқымызға бақ-береке тіледі.Салтанатты қабылдаудан кейін Қазақстан Президенті елорданың мерейтойына арналған мерекелік гала-концертті тамашалады.Мемлекет басшысының Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдауда сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына жерден көре аласыздар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.