Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан: «Астана – халық мақтанышы»
    Жаңалықтар

    Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан: «Астана – халық мақтанышы»

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.07.2018208 Views

    Бүгінгі  Астананың  негізі  мыңжылдықтар  тоғысында  қаланып,  санаулы жылдар  ішінде-ақ  ғаламат  сұлу  заманауи  шаһарға,  нағыз  урбанистік  жауһарға айналып шыға келді. Еліміздің жаңа астанасын – бүкіл Қазақстан  халқының арманынан туған ортақ перзенті десе де болғандай. Алдыңғы тарауда айтып өткенімдей, астананы Алматыдан Есілдің сол жағалауына көшіруді мен көптен ойластырып жүргенмін. Геостратегиялық мүдделерді  ескеру  жағын  былай  қойғанда,  меніңше,  жаңа  өмірге  қадам басқан жас елге дәл сондай жаңа да жас орталық – жалынды жүрек ке-рек еді. Осы бір орасан зор мақсатты қолдап-қуаттаған отандастарымның бәріне де алғысым шексіз. Астана ауыстыру кез келген мемлекет үшін айрықша тарихи кезең са-налатыны рас. Астанаға алғаш келгенінде Испания королі І Хуан Карлос кезінде, мемлекет басындағы ауыр ахуалға қарамастан, сол уақыттағы король ІІ Филипптің астананы байырғы Толедодан елдің тура орталық тұсына – Мадридке көшірген хикаясын баяндап бергені есімде. Мұндай түбегейлі өзгеріс оларда да қызу пікірталас, айтыс-тартыссыз болмаған екен.

    Жаңа ірге көтерген орталыққа табан тіреудің жарқын мысалы – АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның тапсырмасымен елсіз жа-пан далада жаңадан соғылған Вашингтон қаласы. Америка Құрама Штат-тары үшін жаңа астана британ тәжінен азат болудың символы ретінде де аса зор саяси мәнге ие еді.Болашақ  елордамыздың  бас  жоспары  ашық  өткізілген  халықаралық байқаудың нәтижесінде бекітілді. Оған ұзын-ырғасы 47 жоба қатысты, жоба авторларының ішінде әлемге аты мәлім қала салушы шеберлер де болды. Басым дауыспен әйгілі жапон сәулетшісі Кисё Курокаваның жобасы озып шықты. Ол болашақ Астананың келбеті үшін Шығыс мәдениетін батысөр-кениеті жауһарларымен байыта түсер, көне мен жаңа өзара жарасымта-бар, қала кеңістігіндегі заманауи құрылыс үлгілерін мәңгі өзгермес табиғи ландшафтпен жымдастырып жіберер айрықша шешім ұсынды.

    Жоба қабылданды, бірақ жапон сәулет өнері кемеңгерінің ойы, менің пікірімше, келешекке қол созған еліміздің арман-мұратына әлі десай кел-мей жатқандай, қиялымыздағы көрініске дөп келмей тұрғандай еді.Мен жобаны әрі қарай жетілдіре түсуді, оған лайықты ауқым мен өріс беруді тапсырдым.  Бұл  істі  атқаруға  Сәрсенбек  Жүнісов  бастаған  қазақ  сәулет-шілері жұмылдырылды.

    Мемлекеттің ендігі маңызды міндеті – жобаны іске асыруға қажетті қо-сымша қаражат табу еді. Қала құрылысын ойдағыдай жүргізетіндерді қате-леспей таңдай білудің маңызы да одан кем емес-ті. Күрделілігі бас айнал-дырардай, жауаптылығы жалпыұлттық дәрежеге көтерілген бұл шаруаны тек кәсіби деңгейі аса жоғары шеберлер ғана атқара алатын еді.

    Қиын міндеттің екеуі де оң шешімін тапты. Астана өзінің бүгінгісұлу кел-беті үшін әлемдік сәулет өнері жұлдыздарына қарыздар. Олардың сіңірген еңбегінің ерекше екеніне еш күмән жоқ.Мен өз тарапымнан ауқымды қала құрылысының барлық ұсақ-түйегінедейін мән беруге тырыстым – ғимараттардың идеясын, олардың мақсатты сәулеттік  тұжырымдамасын  ұсындым,  құрылыс  жұмыстарының  барысын бақыладым, нысандарды үнемі аралап жүріп, ештеңенің де ескерусіз қал-мауын қадағаладым. Шынында да, мен мұндағы әр көшені, әр үйді жақ-сы білемін, сондықтан да елімізге ат басын бұрған мәртебелі меймандарға Астананы аралату кезінде өзімді бейнебір гид секілді сезінемін.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.