Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА «КИЕЛІ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
    Жаңалықтар

    СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА «КИЕЛІ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.06.2018367 Views

    Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Киелі Түркістан» көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарайды»Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

    img-20180629-wa0068
    Көрме Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
    Көрменің мақсаты — киелі Түркістан мен Солтүстік Қазақстан өңірінің арасында рухани, мəдени жəне музейаралық қарым-қатынысты одан əрі дамытуға бағытталған.

    img-20180629-wa0066
    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылған көрме экспозициясына қорық-музей қорынан 250-ден аса көз жауын алар жəдігерлер орналастырылған.

    img-20180629-wa0064
    Шараға Солтүстік Қазақстан облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Рахимов Ермек, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов, М.Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетінің проректоры Ақмарал Ибраева,  университеттің оқытушы профессорлары мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

    img-20180629-wa0067
    Түркістаннан рухани керуенді бастап келген «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығына көрменің мақсаты мен міндеті жөнінде жеткізе келе, Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген үш нысанның бірі — Қожа Ахмет Ясауи жөнінде мәлімдеп, тарихи күнмен құттықтады.

    img-20180629-wa0069
    Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ермек Рахимов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған  көрмеге ыстық лебізін білдіріп, арнайы алғыс хат пен сый-сияпатын табыс етті.
    «Киелі Түркістан» көрмесі Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары мен қонақтары үшін бір ай бойы қызмет көрсететін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.