Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйлады
    Жаңалықтар

    Головкин Назарбаевқа чемпиондық белбеулерін сыйлады

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.06.2018178 Views
    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев WBC, WBA (Super), IBO чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    golovkin
    «Отандастарың сенің жекпе-жектеріңді өткізбей қарайды. Сен Қазақстанның жақсы атын шығарып жүрсің, отаныңды естен шығармайсың және барған жеріңде ол туралы айтып жүресің. Сені мақтан тұтамыз. Қыркүйекте өте маңызды жекпе-жегің бар. Барша қазақстандықтардың атынан саған сәттілік тілеймін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
    Сонымен қатар, ол Головкиннің Қазақстанда спортты насихаттауға және елдің халықаралық имиджін көтеруге зор үлес қосып жүргенін атап өтті. «Өз салмағыңда ең үздіксің, бір рет те жеңіліп көрмеген, нокаутқа ең көп түсіретін боксшы атағын алдың.
    Бұл — үлкен жетістік, спортты насихаттау мен жалпы Қазақстанды танытудың жақсы жолы. Сенің еңбегіңді бағалаймыз. Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік туса, бұған көмек береміз», — дейді Президент.
    Головкин өз кезегінде Президентке жеке қолдауы, Қазақстандағы спортты дамытуға деген назары мен салған үлесі үшін алғыс білдірді. «Елімізді таныту үшін бар күшімді сарп етемін. Орайы келсе, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Халқымыз осындай үлкен сауыққа лайық. Мұндайды көру барлығына қызық болады деген ойдамын», — дейді боксшы.
    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.