Ұлттық Домбыра күніне орай Екібастұз қаласында биіктігі жеті метрді құрайтын домбыра орнатылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Ұлттық аспапты балалар техникалық мектебінің педагогтары мен студенттердің еңбек жасақтары дайындаған. Бұл күні Глинка атындағы музыка мектебінің 60 домбырашыдан құрылған ансамблі бір мезгілде күй орындайды. «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында ағаштан және қағаздан домбыра дайындау бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі. Кешке қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін театрландырылған қойылымдарда домбыраның пайда болуы мен оның даму тарихы туралы айтылады. Бос уақытты қамту орталықтары мен музыка мектебінің вокалдық ұжымдары домбырада 20-дан астам танымал шығарма ойнайды.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
1 мамырдан бастап мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясында айтылды. Күн...