Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.06.2018785 Views

    «Ұлттық домбыра» күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.

    img-20180627-wa0070

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ұлы Дала шежіресі –домбыра» атты  лекция – концерт өтті.
    Шараға елімізге белгілі айтыскер ақындар мен  домбырашы өнерпаздар, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері мен  зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

    img-20180627-wa0078
    Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылдан бастап әр шілденің алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра» күні деп жариялаған болатын. Елбасы Жарлығында айтылған мәселе — ұлттық дәстүр мен өнерді жаңғыртып, дәріптеуге жол салады.
    Жиын барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат  Қадырұлы шараға келген барша қонақтарды «Ұлттық домбыра» күнімен құттықтап, ұлттық өнерді жалғастырып, қасиетті домбыраны серік еткен өнерпаздарға ыстық лебізін білдірді. Осы орайда,  музейдің бас редакторы Ә.Манапов домбыра туралы баяндама оқып, домбыраның ерекшеліктері мен шығу тарихына тоқталды.

    img-20180627-wa0071
    Домбырашылар басқосуында Түркістан қалалық «Өнер» мектебінің жас өнерпаздары «Домбыраның шаттық үні», «Ерке сылқым» күйлері мен «Алыстан қызыл көрінсе», «Өлшеулі өмір», «Жақсы мен жаман» термелерін және  «Өзім туралы» атты толғауларын орындап,  көпшіліктің қошеметіне бөленді.

    img-20180627-wa0066
    Сонымен қатар, Кентау қаласының Құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі, Композиторлар Одағының мүшесі Әлімбек Қонысбеков «Қаратау шертпесі», «Салтанат» және «Өттің дәурен» күйлерін күмбірлетсе,  Түркістан қалалық «Яссы» халықтық-фольклорлық ансамблі «Бозінген», «Ата толғауы», «Адай», «Бақтыбайдың әуені» күйлерімен көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Көпшіліктің сұрауы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Нұрболат Ахметжанов орындаған Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйі қонақтардың айрықша ықыласына бөленді.

    img-20180627-wa0072

    img-20180627-wa0074

    img-20180627-wa0075
    Шара соңында қорық-музей директоры Нұрболат Қадырұлы мерекелік шараға қатысып,  өз өнерлерін көрсеткен барша өнерпаздарға алғысын білдіріп, музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.