Боралдай жұрты жарады. Бәрекелді дейміз! Биыл қырықты еңсеріп, 1 табан асқан елді мекен жігіттерінің ауызбіршілігінің арқасында тасада қалған Таймановтың кесенесі қайта жаңарып жатыр. Боралдайдың Бозторғайы атанған ақынның туғанына 150 жыл! Тауқұдірет деп жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өзі құрмет тұтқан тұлғаның есімін ұлықтауда ұрпақтары еңбектенді. Талай жылдан бері жетімнің күйін кешкен кесененің келбетін түзету керектігін «Айғақ» телеарнасы бір емес бірнеше рет мәселе етіп көтерді. Әкімдіктің әлі жетпеген арқалы істі енді міне, қауым елі атқарып жатыр.
Салтанат Тойболова