• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қажымұқанның батасы

06.04.2018
0

Таяуда Павлодар облысы, Қашыр ауданы Тереңкөл ауылында тұратын сексен жасқа толған Мағатай Мұстафина мынадай әңгіме айтып берді.

Апамыз әңгімесінде былай дейді: – Менің келін болып түскен жерім осы өзіміздің ауданымыздағы қазіргі Федоровка ауылдық округіндегі, кезінде (Максим Горький ауданы) Қызылтудың Қоянды деп аталған жері болған. Мұстафа әулетінен, баласы Сләмғалының үш қыздан кейінгі көрген ұлы Жасаумен отау құрдым. Бір кездері аталарымыз осы Қоянды ауылында тұрыпты. Содан ХХ ғасырдың басында, 1929 жылдың қараша айында сол кездегі аудан орталығына Қажымұқан Мұңайтпасов атамыз келіпті. Ол кезде әр ауыл жеке-жеке болып, әр қырдың астында отыратыны белгілі. Мысалы, Айтпай ауылы, Батырхан ауылы және біздің ұлы атамыздың ауылы дегендей. Балуан атамыз Мұстафа әулетін әдейі іздеп келген екен. Ол кезде атамызды іздеп келген адамдар үйден кетпей, бір жұма атамыздың әңгімелерін, сыр-сұхбатын естуге, айтқан өнегелі сырларды тыңдап, қонақ болып, риза көңілдерімен аттанатын. Қажымұқан бабамыздың руы – қыпшақ. Біздің де атамыздың руы осы болған. Тегі балуан атамыз Омбыдан сапарлап келе жатқан болса керек. Содан Ертіс өзенінің шетінде отырған елден осы маңайда өзіне аталас, рулас болатын адамдар бар ма? – деп сұраса керек-ті. Жөн білетін кісілер біздің ұлы атамызды ауызға алып, Томарлы ауылының арғы жағындағы Қоянды ауылында Мұстафа деген ақсақалдың бар екендігін айтып, жол көрсетіп, жөн сілтеп, ауылға алып келген ғой. Осы Қажымұқан атамыз үйге келгенде, оны көру үшін жиналған жұрт таң-тамаша болып, аты Алаш жұртына, бүкіл әлемге танылған балуан­ды көріп қайран қалыпты. Құлақтары жырым-жырым, мұрын, бет пішіні бәрі тыртық-тыртық. Өзінің руласы әрі қадірменді ақсақалмен танысып, сәлем беруге келген балуан екі-үш күн ғана қонақ болам дегенімен, екі жұма біздің елде қонақ болып, аздап өнер көрсетіп кеткен екен. Тоқал тамның іші-сырты адамға лық толып, тіпті ортадағы айналма пешті құлатып кетіпті. Жігіттер тез арада сылап, сипап, ретке келтіріп, суып қалған үй ішін қайта жылытыпты. Төрде шынтақтай жатып, аяғының бақайларымен еңгезердей жігіттердің сандарынан, аяқтарынан шымшып, бақыртыпты. Тамақты аз-аздан жейтін көрінеді. Сонда алып денесіне қарамай, тамақты аз жеп отырғанына қайран қалған атамыз «Неге тамақты аз жеп отырсың?», деп сұрапты. Сонда Қажымұқан: – Ой, ақсақал, асап тамақ жей беретін болсам бала-шағамды кім асырайды? Мен тек бәстескен кезде ғана жеймін, – деген екен. Қажымұқан біздің ұлы атамыз Мұстафадан: «Ақ­сақал үкілі тақия киген үш қызды көріп отырмын, ат ұс­тайтын, ер баладан немереңіз жоқ па?» – деп сұраған екен.

Атамыз жарықтық, «Жоқ, Құдай бұйыртса болатын шығар…» дейді ғой, сонда Қажымұқан атамыз: – Ақсақал, менің сізге айтарым, төртінші немереңіз дүниеге ер бала келеді. Сол балаңызға төрт молданы шақырып, азан шақырып, солардың есімін қойыңыз! – деген екен. Екі жұма жатып, аттанатын кезі келгенде ұлы атамыз күмістелген, беліне байлап жүрген кісесі болуы керек, әлде белбеу, соны балуанға беріпті. Қажымұқан қанша алмаймын десе де атамыз, «Мені әдейі іздеп келдің. Туыстығымыздың бір белгісі болсын, тақпасаң да, төріңде ілулі тұрсын» деп сыйлапты. Кетерінде балуан бабамыз өзін шығарып салып тұрған дүйім жұртқа риза болып, ұлы атамызды қасына шақырып бата беріпті.

Әуелі Алла оңдасын, Оң жолына бастасын

Сексен түйең боталап, Сегіз келінің қомдасын.

Одан туған ақ бала Ақ кежебенің үстінде

Ақ шабақтай жайнасын.

Күр-күр батам, күр батам

Сақтап жүрген, сүр батам

Бергеніңді беттеп бер,

Бермегеніңді сақтап бер

Өсіп келе жатқан ұрпақтарыңа Алла тағала тек жақсылық беріп,

Аман-есен жүріп, сіздердің жолдарыңызды берсін!

Аллам берекесін берсін,

Қулхуалланың қуатын берсін.

Не болса-дағы, Алла тағала қайырымен берсін. Аллауакпар! – депті. Ұлы атамыз Мұстафа үш қыздан кейін немересі ұл бала, менің күйеуім болған Жасау дүниеге келгенде сол кездегі өздерінің төңіректеріндегі төрт молда Қожа, Ахмет, Жасау және Иден деген молдаларды шақыртып, азан шақырып, сол адамдардың аттарын қойған екен. Кейіннен төрт аттың бәрі құжат алған кезде сыймай, Жасау қалған ғой. Азамат болып, ер жетіп, әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1955 жылы маған кездесіп, Алланың жазуы ғой, мен сол жігітке тұрмысқа шығып, үй болдық. Бала-шаға өсіріп, солардың қызығын қызықтадық.

Дереккөз: egemen.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.