Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандағы сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі қалай тексеріледі
    Жаңалықтар

    Қазақстандағы сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі қалай тексеріледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.03.2018251 Views

    Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері ойын-сауық орталықтарын және басқа да қоғамдық нысандарды тексеру тәртібі қалай жүргізілетінін түсіндіріп берді. Ведомство мәліметінше, ережелерге сәйкес, мұндай тексерістер жылына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Бірақ, айтуларынша, инспекторлар бұл нысандарды қандай да бір рұқсатсыз-ақ тексере алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласы бойынша қатер деңгейін белгілеу жөніндегі талаптарға сәйкес, аумағы 1 500 және одан да көп шаршы метрді қамтитын ойын-сауық орталықтары қатер деңгейі жоғары нысандарға жатады. Сондықтан да олар жыл сайын тексеріледі. Мұнымен қоса, қауіп деңгейі жоғары нысандарға өндірістік кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар, яғни, білім беру, денсаулық сақтау нысандары жатады», — деп хабарлады комитеттің өкілдері.

    Сонымен қатар, тексерістердің ешбір негізсіз және кез келген кезде жүргізіле бермейтіні айтылады.

    «Кәсіпкерге тексеріс жайлы алдын ала айтылады. Ол туралы жыл басталмай тұрып Бас прокуратураның сайтында жарияланады. Кез келген жағдайда субъектіге тексеріс жайлы бір ай бұрын айтылады», — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК өкілдері.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, инспектор міндетті түрде тексеру парағын көрсетуі тиіс.

    Сондай-ақ, қандай да бір ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда мәліметтердің сотқа жолданатыны айтылады. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын орындамаған нысан басшыларының қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.