Ол жақта бөлек атмосфера. Табиғаты да өзге.. Өзен, көл ол да басқа. Өзге тіл, әуен де. Үйлердің сәулеті бір қарағанда құлап кететіндей. Асхананы айтар болсақ, хачапури иен хинкали дуэтінің дәмі ұзақ уақыт аузыңыздан кетпейтіндігіне сенімдімін. Бұл ғажайып ел-Грузия! Грузияға келген адам Боржоми қаласына атбасын бұрмай кетуі кешірілмейді дейді жергілікті халық. Ия, әйгілі аты аңызға айналған сусынның отаны, курортты қала Боржомиде «Айғақ» телеарнасы өзінің кезекті тың бейнематериалдарын дайындады. Жер домалақ қой шіркін. Атақты Боржомиде біз жерлестерімізді кездестірдік. Түркістан қаласының Құрметті азаматы Әбдіғаппар Шаймерденов мұнда Түркия және Қазақстан компаниялары бірлесіп ашқан «RIXOS» қонақүйінде демалуда екен. Әлемге танымал және уақыт сынынан өткен өнім мен Боржомидегі демалысы туралы ойымен бөліскен аптал азамат ОҚО — нан барған делегациямен тарихи тұлға Иосиф Сталиннің туған өлкесі Гориде болып, оның мемориалдық мұражайын аралады. Кездесу соңында, қазақи қонақжайлылығын танытқан Әбдіғаппар Шаймерденов Боржоми қаласында жерлестеріне ақ дастарханын жайып, дархан көңілін ұсынды.
Гүлжан Нұрланқызы