Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қ.Қасымовты қабылдады
    Жаңалықтар

    Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қ.Қасымовты қабылдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.06.2017177 Views

    Кездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді –деп хабарлайды ақорданың баспасөз қызметі.

    Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шаралардың нәтижелеріне тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап өтті.

    – Жалпы, жағдай жақсарып келеді. Қылмыс жасау 16 пайызға азайды. Оларды ашу көрсеткіші 60-тан 70,2 пайызға көтерілді. 26 мың адамға рақымшылық жасалып, 1200 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды, – деді Қазақстан Президенті.

    Ішкі істер министрі Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде Астанадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап, ішкі істер органдарындағы реформалардың нәтижелері жөнінде айтты.

    Елбасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуында тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне ризашылық білдірді.

    – Көптеген мемлекеттер басшылары мен қонақтар қатысқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еліміздің бүкіл полиция қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне және басқа да органдарға алғыс айтамын. Біз көрменің ашылуын ұйымшылдықпен өткіздік, – деді Мемлекет басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев мұндай іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айрықша күрделі мәселе екеніне тоқталып, барлық құқық қорғау органдарының жұмысын жоғары бағалады.

    – Астанаға облыстардан адамдар жіберілді. Офицерлердің барлығы белгіленген орындарынан табыла білді. Әрқайсысы өзіне тапсырылған іспен айналысты. Барлық салада да кәсібиліктің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді, – деді Қазақстан Президенті.

    Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.