Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Боздақтар»ОҚО Мемлекеттік кірістер департаменті ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтады
    Боздақтар

    ОҚО Мемлекеттік кірістер департаменті ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтады

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.05.2017983 Views

    Ағымдағы жылдың 5 мамырында «Қазақстан Республикасының  Отан қорғаушылар күні» және 9-Мамыр «Ұлы Жеңіс күні» мерекелері қарсаңында ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты жиналыс өтті.

    Мерекелік шараға Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелері қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Есебаева Күлдар және ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары, басқарма, бөлім басшылары, мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері мен ҰОС ардагерлері  қатысты.

    Салтанатты жиынды құттықтау сөзбен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев ашты. Өз сөзінде Алтынсары Дүйсенбекұлы қызметкерлерді қос мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, шараның құрметті қонақтары,  қадірлі қариялар ҰОС ардагерлері Мамұтов Байзақ, Жұмашев Пернебек және Кеңес Одағының Батыры — Сапарбаев Махмеджанға ерліктеріне, Отаңға сүйіспеншіліктіктері мен беріктіктіктеріне  шың жүректен алғыс мен құрмет білдіре отырып, сый-сияпаттар табыс етті.

    algs-hatСондай-ақ, Отан қорғаушылар күні және 9 Мамыр — Ұлы Жеңіс күні мерекелері құрметіне бірқатар қызметкерлер марапатталды.  Атап айтқанда, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, қаржы жүйесіндегі жеткен жетістіктері мен мемлекеттік қызметтегі мінсіз еңбегі үшін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы — 4 қызметкерге,  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты -2, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының грамотасы- 7 , «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының Алғыс хаты — 6, Шымкент қалалық мәслихатының  Алғыс хаты – 7 және  департаменттің Құрмет грамотасы  13 қызметкерге табыс етілді.

    Сонымен қатар, 12 қызметкердің тәртіптік жазалары мерзiмiнен бұрын алынды.

    Сондай-ақ, мерекелі шараның қонағы ОҚО мемлекеттік мекемелері қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Есебаева Күлдар 6 қызметкерге Кәсіподақ комитетінің «Еңбек озаты» төс белгісін табыс етті.

    otkurtie-shefӨз кезегінде салтанатты жиналыс барысында ардагерлер ұйымының төрағасы Бисұлтанов Байназар, Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы Криминалистикалық бөлімінің басшысы Абдраманов Альмахан, Мемлекеттік кірістер департаменті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Түбеков Ерғазы әріптестеріне мерекелік тілектерін білдірді.

    Салтанатты шара соңында ОҚО бойынша МКД қызметерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.

     


     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.