Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Боздақтар»Қазақ жауынгерінің сүйегін елге әкеледі
    Боздақтар

    Қазақ жауынгерінің сүйегін елге әкеледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.05.2017383 Views

    Қазақ даласынан майданға аттанып, қиянкескі соғыста шыбын жанын пида еткен жауынгерлердің бейіті жат жерде ескерусіз қалуда. Есесіне орыстың тәуелсіз із кесушілерінің табанды тірлігі бертін келе есімдері табылған талайларды жақындарымен қауыштырып, қайта жерлеуге мұрындық болып келеді. Тіпті, Отан үшін от кешіп, қан майданда қаза тапқан ардақтыларымыздың сүйегі мүмкіндігінше елге жеткізіліп жатыр. Кезекті қуанышты хабармен үстіміздегі жылдың ақпан айында таныстық. Ресей Федерациясының Курск облысы Поныри ауданында оңтүстікқазақстандық жауынгер Пірәлі Ахмамбековтің сүйегі табылыпты. Іздестіре келе, ол Сайрам ауданының Шапырашты ауылының азаматы болып шықты. Жан-жақты жүргізілген зерттеу барысында жауынгердің табылған туыстарына қуанышты хабар да жеткізілді. Араға көп уақыт өтпей Сайрам ауданы, Шапырашты ауылының тұрғыны Ержан Тұяқбайұлы «Айғақ» телеарнасына өтінішін жолдап, Ресей Федерациясы, Курск облысы, Поныри ауданында Ұлы Отан соғысы кезінде туған елін, жерін азат етемін деп жастанған туысқаны Ахмамбеков Пірәлінің табылған сүйегін Оңтүстік Қазақстан облысына алып келіп, қайта жерлеу үшін ықпал жасауды сұранады.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2017/05/сайттт.mp4

    Арасы 1 айдың көлемінде Курск облыстық әкімдігімен арнайы бағдарлама жасаған «Айғақ» телеарнасының басшысы, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш арнайы делегация құрып, жат жердегі соғыс майдангерінің сүйегін елге әкелмек. 1- мамыр күні Ресейге жол жүрген түсірілім тобы Сайрам ауданындағы Шапырашты ауылында ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагер ұстаз Мұхтар Ұзақов, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевтермен 2017 жылы 3 мамыр күні Курск облысы Поныри ауданынан атқарушы органдары жерлесіміз Пірәлі Ахмамбековтың сүйегін табыстау қаралы митингісін және дәл осы күні Курск облысы Солнцевский ауданында ОҚО, бұрынғы Қызылқұм қазіргі Шардара ауданынан соғысқа аттанып, ерлікпен қаза тапқан аға сержант И.Кабановтың медалін митинг-реквием барысында Оңтүстікқазақстандық делегацияға салтанатты түрде тапсырылмақ.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан  туған жер құндылығын түлету мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» деген қадам осындай ізгілікті істердің бастауы болмақ.  

    Салтанат Тойболова

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.