• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Оңтүстікте «WorldSkills Kazakhstan — Жыл шебері — 2017» аймақтық чемпионаты өтуде

28.03.2017
0
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі №3 колледжде болып, кеше басталған «WorldSkills Kazakhstan — Жыл шебері — 2017» аймақтық чемпионатына қатысып жатқан үміткерлерге сәттілік тіледі. Колледжді аралап көріп, ондағы ізденушілердің қолымен жасалған заттарға жоғары баға берген өңір басшысы «Шатқал» бағдарламасы аясында құрылып жатқан саябақтарға осынау өнімдерді қоюға болатынын айтты.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында: «2017 жылы «Тегін кәсіптік-техникалық білім-баршаға» жаңа жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін – өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс» — деп атап көрсетті. Сондықтан, әрбір азамат өзінің еліне пайдалы болуы үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отыр Яғни, жастарға өзінің қалаған жұмысшы мамандығын алуға бізде барлық мүмкіндік бар. Біздің жастарымыз бос қиялмен өмір сүрмеуі қажет, керісінше туған Қазақстанға қызмет етіп, өз елінің экономикасын көтеруге үлес қосу керек», — деді Ж.Қансейітұлы.
Биыл өңірімізде екінші жыл ұйымдастырылып жатқан жарысқа Оңтүстіктегі 35 колледж арасында 79 студент 9 мамандық – «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Әрлеу және декоративті жұмыстар», «Электромонтаж», «Пісіру технологиясы (сварочные технология)»,  «Кірпіш қалау», «Аспаз ісі», «Дизайн және киімдерді моделдеу», «Инженерлік графика CAD» және «Плитка жапсыру» бойынша бақ сынап жатыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынған. Шарада кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың тәжірибелік дайындығы, кәсіптік біліктілігі, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігі сынға түсетін болады.
WorldSkills, яғни, аудармасы «Әлемдік бағыт» деген мағынаны білдіретін осынау жарыс әлемнің 75 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Қазіргі таңда қауымдастық құрамына 75 мемлекет кірсе, Қазақстан соның 2014 жылы енген 70-ші қатысушы-мемлекеті болып табылады.
Өткен 2016 жылы алғаш рет облыста аталған аймақтық чемпионат өткізіліп, нәтижесінде жарыстың жеңімпаздары болып табылған №3, №5, №6, №16 және Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледждері Ұлттық чемпионатқа қатысуға жолдама алған. Нәтижесінде, №5 колледждің студенті тігінші мамандығынан 1 орын,  №6 колледж кондитерліктен II орын, №16 колледж құрғақ сылақтан (сухое штукатурка) II орын, №3 колледж «үздік дәнекерлеуші» номинациясын жеңіп алған-ды. Ал жеңімпаз атанған №5, №6, №16 колледж студенттері өз мамандықтарына сәйкес, Түркия Ұлттық білім министрлігіне қарасты алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында 2017 жылдан тегін білім алуға  жолдама алды.
Ал биылғы чемпионат қорытындысы 30 наурызда анықталып, жеңімпаздар мамыр айында Астана қаласында өтетін Ұлттық Чемпионатқа қатысатын болады. Техникалық және кәсіптік білім мекемелері студенттерінің арасында өткізілетін «WorldSkills Kazakhstan-Жыл шебері-2017» аймақтық чемпионатының жеңімпаздарына Облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары мен бағалы сыйлықтар, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС т.б. кәсіпорындар тарапынан да бағалы сыйлықтар тапсырылатын болады. Мұнан бөлек, облыс әкімінің атынан «Мамандар даярлауда ең үздік әлеуметтік әріптес» номинациясымен 5 кәсіпорын басшыларын марапаттау жоспарлануда.
Айта кетейік, 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 12,5 мың адам «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» аясында техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық, қызмет көрсету салалары бойынша, ал «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 11437 адам маманданады деп жоспарлануда.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.