Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мәслихаттағы бос орындарға үміткерлер анықталды
    Жаңалықтар

    Мәслихаттағы бос орындарға үміткерлер анықталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.03.2017184 Views

    Оңтүстік Қазақстан облысындағы округтік сайлау комиссияларында барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына үміткерлерді тіркеу жұмыстары  аяқталды.  Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында  Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлім етті.

    Комиссия төрағасының айтуынша,  2017 жылдың 26 наурызында өтетін сайлауға барлығы 28 үміткер ұсынылып,  оның біреуі өз өтінішін кері қайтарып алыпты.  Естеріңізге сала кетсек,  өткен жылы  түрлі себептермен облыстық маслихатта 3 орын, аудандық маслихатта 1 және қалалық  маслихатта 2 орын босаған болатын.

    «Екі үміткердің құжаттары толық болмағандықтан тіркеуден өтпеді. Тіркелгендер саны 25-ті құрап отыр. Олардың  алтауы  «Нұр Отан» партиясынан  ұсынылса, басқа партиядан ұсынылған кандидаттар жоқ. 19 үміткер өзін-өзі ұсынды», — деді Әлібек Кәденұлы.

    Айта кетейік, сайлау комиссиялары үгіт материалдарының заңнамаға  сәйкес орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын болады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге үміткердің сенімді өкілдері жұмылдырылады. Сондай-ақ кандидаттар сенім білдірген адамдарды тиісті округте өз қалауы  бойынша анықтайды.

    Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының  27, 28 — бабының талаптарына сай және облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бекітілген негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бойынша үгіт жұмыстары 1 наурызда басталып, 24-наурызда сағат 24:00 аяқталады.

    Қазіргі таңда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өтетін жерлерде семинар-кеңестер өткізуге кіріскен. Сондай-ақ  Шымкент қалалық, Мақтаарал және Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиялары үгіт-насихат жүргізу бойынша методикалық нұсқаулықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, күнтізбелік жоспарға сай облыстағы қалалар мен барлық аудандарда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу орны анықталып, кездесу кестесі түзіліп қойған.

    Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы алдағы сайлау науқанының әділ де, шынайы әрі заң талабына сай өтетіндігін хабарлады. Сондай-ақ ол сайлаушылардың осы науқанға біркісідей атсалысуға шақырды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.