Оңтүстікте 5 жыл ішінде 47 мыңнан аса азамат баспаналы болмақ. Ол үшін Президент тапсырмасымен мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды Аймақтық коммуникациялар қызметінде мәлім етті. Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында екі қолға бір күрек іздегендерді жұмыспен қамтып, халықтың әлеуетін көтеру көзделуде.
Еңлік Заманхан