Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Қазақстанда біріктірілген мәліметтер базасы жұмыс жасай бастайды
    Білім

    Қазақстанда біріктірілген мәліметтер базасы жұмыс жасай бастайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.03.2017256 Views

    Наурызда қазақстандық педагогтар дәстүрлі көктемгі аула бойынша қарап шығу жүргізбейді. Бұл ӘМ, ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі және БҒМ-нің туынды мәліметтер базасын біріктіру арқылы мүмкін болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің ресми сайтында жарияланды.

    Министрдің айтуынша, Білім беру заңына сәйкес білім беру жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға мониторинг жүргізу енгізілген болатын. Осы норманы іске асыру мақсатында БҒМ бұйрығы шықты, соған сәйкес 100 мыңнан астам мұғалім жылына екі рет үйлердің аулаларын қарап шығатын.

    «Бұрын бұл қоғамдық негізге сүйеніп өтетін, оған ақша төленбейтін, осыған қатысты жағымсыз ақпарат көп болатын», – деді министр.

    Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Е. Сағадиевтің сөзін толықтырып өтті.

    «Мұндай біріктірілген база болмағанда, ақпараттандыру болмаған кезде, бұл ақпарат өзекті болатын. Бізге заманнан қалмау керек», – деді ол.

    Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасы жоғары деңгейде жұмыс жасайды. Туған бетте балаға ЖСН беріледі және оның өмірінің барлық деңгейлері қадағаланады. Бұдан бөлек, ұлттық білім беру мәліметтер базасы және ІІМ мәліметтер базасы бар. Вице-министр осы базаларды біріктіру бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Аталған жүйеге қосылуға Денсаулық сақтау министрлігі де ниет білдірді. Себебі, ақпарат МӘМС енгізу үшін пайдалы болмақ.

    Білім және ғылым министрлігі таяу уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірге бұйрық қабылдауды жоспарлап отыр.

    «Наурызда біздің мұғалімдеріміз аулаларды араламайды, бұл оларға түсетін жүктемені едәуір азайтады», – деп түйіндеді Б. Асылова.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.