Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ШҚО-дағы тікұшақ апаты: Депутат халықпен кездесуге бара жатқан болуы мүмкін
    Жаңалықтар

    ШҚО-дағы тікұшақ апаты: Депутат халықпен кездесуге бара жатқан болуы мүмкін

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.02.2017266 Views
    Шығыс Қазақстан облысында құлаған жолаушылар тікұшағында болған Айтқали Ақбаев — Аягөз аудандық мәслихатының депутаты және жергілікті жанармай қоймасының басшысы болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты қалалық мәслихаттың өкілдері растады. Әріптестерінің пікірінше, депутат тұрғындармен кездесуге тікұшақпен аттанған болуы мүмкін. ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, тікұшақты П. Устинов басқарған, ал тірі қалған жолаушы 1972 жылы туған Айтқали Ақбаев екен. Дегенмен, департаменттегілер депутаттың жекеменшік тікұшақпен қандай мақсатта ұшқанын нақты айта алмай отыр. Қазіргі кезде ол ауруханаға жатқызылған және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. «Иә, бұл ақпаратты растаймыз, тікұшақ бортында біздің депутат болды. Мен оның әйелімен сөйлестім, қазір оның жағдайы жақсы. Өзімен тілдесуге мүмкіндік болмады. Оның қандай мақсатта ұшқанын білмейміз, демалыс кезі болатын. Мүмкін тұрғындармен кездесу болған шығар, депутаттар үнемі халықпен жұмыс істейді. Полиция болған жайт туралы одан мән-жайды сұрады ма, жоқ па одан да хабарсызбыз», — дейді Tengrinews.kz тілшісіне Аягөз аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Айгүл Тұрбаева. Атқали Ақбаев пен оның әйелінің телфоны өшіп жатыр. Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған.
    Дерек көзі: tengrinews.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.