Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі басталды
    Жаңалықтар

    Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі басталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.02.2017271 Views
    Шымкент қаласында  грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
    «Жеңіл атлетика» спорт кешенінде  шымылдығын түрген ел біріншілігіне еліміздің Астана, Алматы қалалары мен  облыстарынан 400 спортшы  24 салмақта өзара мықтыларды анықтайды.
    Ел чемпионатының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, бабы келіскен балуандарға сәттілік тіледі.
    «Жарысқа қатысып жатқан спортшыларымыздың арасынан алдағы уақытта Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров ағаларымыз сияқты саңлақтардың шығатынына күмәнім жоқ. Ел чемпионатының Шымкент қаласында өтуіне ықпал жасаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы басшылығына шынайы алғысымды білдіремін» , — деді Жансейіт Қансейітұлы.
    Дүбірлі доданың құрметті қонағы 1980 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, грек-рим күресінен КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров балуандардан тартысты бәсеке күтетінін жеткізді.
    «Ел чемпионатына кіл мықтылар жиналып отыр. Ендігі мәселе – тартысты да, тартымды өнер көрсету. Осы жарыс қорытындысына сай ел құрамасының мүшелері анықталады. Сондықтан бар күш-жігерлеріңізді салып, биік тұғырдан көрінулеріңізге тілектеспін» , — деді атақты балуан.
     Чемпионатқа грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Досжан Картиков, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Нұрмахан Тыналиев, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Даниал Гаджиев сынды мықтылар да қатысып, бақ сынауда.
    Ал, әйелдер күресінен  Олимпиада ойындарының 3-дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова, Олимпиада ойындарының жүлдегері Эльмира Сыздықова, Олимпиада ойындарының жүлдегері Екатерина Ларионовалар өнер көрсетеді.
    Еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров,  әлем чемпионатының жүлдегері Нұрлан Бекжанов пен Дәулет Ниязбековтер белдесетін болады.
    Айта кетейік, 25 ақпанда бастау алған ел біріншілігі 1 наурызға дейін жалғасатын болады.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.