• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркі әлемінің Наурыз тойы Түркістанда тойланады

24.02.2017
0
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына арнайы іс-сапармен барып, «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы»  іс-шарасына дайындық жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы алдымен халықаралық деңгейде тойланғалы отырған Наурыз мерекесі өтетін алаңда болып, қонақтарға қазақтың салт-дәстүрін паш ететін этноауыл мен қолөнер қалашығын аралап көрді.  Ондағы мақсат-халықаралық деңгейдегі мәдени шараның ашылу салтанаты мен түркі әлеміне ортақ  Наурыз  мерекесін жоғары деңгейде атап өту.
Мұнан соң облыс әкімі  халықаралық мәдени шараға жауапты жұмысшы тобының есебін тыңдады. Топ жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында атқарылатын жұмыстардың жай-жапсарын баяндады.
«Бүгінгі күнге келетін қонақтардың жалпы саны жобамен 800 адамды құрап отыр. Жалпы іс-шараға 4–5 мың халық қатысады деп жоспарлануда. Шара аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде 22 наурыз күні  ресми қонақтардың қатысуымен «Түркістан және Түркология» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізу жоспарлануда. Конференция қорытындысы бойынша арнайы еңбек жинағы шығарылатын болады»,-деді Ұласбек Сәдібекұлы.
Оңтүстік жұртын ауқымды іс-шараға атсалысуға шақырған өңір басшысы  атқарылуға тиіс бірқатар мәселелерге назар аудару қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, ол  қала көшелері мен іс-шара өтетін аумақты безендіру, қонақтарды облыстағы тарихи-мәдени орындармен таныстыру, тіл білетін мамандармен қамтамасыз етуді жүктеді.
«Елімізде алдымен Астана қаласының, енді ер түріктің бесігі болған Түркістанның осындай марапатқа ие болуы еліміз үшін оның ішінде Оңтүстік өңірі үшін зор мақтаныш.  Сондықтанда жалпы жоспарланған жұмыстарды жоғары деңгейде өткізу баршамыздың ортақ міндетіміз. Жауапты сәтте жұмыла жұмыс істеп, қазақ халқының қонақжай пейілін түркі жұртына паш етуге тиістіміз»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұлттық кәдесыйлардың ерекше үлгілерін әзірлеп жатқан жергілікті шеберлер жұмысына оң баға берген облыс әкімі мәжілісті қорытындылай келе жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды тиісті қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына сонымен қатар салалық түрлі жетекшілерге  өз мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырды.
Жалпы «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы»  бағдарламасы  аясында  42  мәдени іс-шара өтеді деп жоспарлануда.  Оның   14-і   «ТҮРКСОЙ»  Халықаралық ұйымы тарапынан өткізілсе,  алтауын  еліміздің  Мәдениет және спорт министрлігі,  21-ін  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі  ұйымдастырады.
Айта кетейік, бұдан бөлек, Түркістан қаласында түбі түркі тілдес халықтар театры, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және анимациялық фильмдердің фестивалі өткізіледі. Сонымен қатар ақындар айтысы, түркі мемлекеттері әйелдерінің форумы, түркі əлемі журналистерінің форумы суретшілердің кездесуі, қолөнер шеберлерінің фестивалі, әдеби журналдар редакторларының конгресі, ақын, жазушылармен кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.