Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев ғалымдарға: Балаларыңыздың қайда оқитынын білемін ғой
    Жаңалықтар

    Назарбаев ғалымдарға: Балаларыңыздың қайда оқитынын білемін ғой

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.02.2017301 Views

    Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының сессиясында Қазақстанға қандай ұрпақ керек екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Зияткер ұрпақ керек. Ол қандай ұрпақ? Ол рухани бай, Тәуелсіздікті пір тұтатын, тарихын, діні мен мәдениетін қастерлейтін денсаулығы мықты, өресі биік азамат керек. Сол азаматты таңдауымыз керек. Озық технологиялардың білгірі, жаһандық деңгейдегі кәсіби маман болуы керек. Әр жерге барып жұмыс істей алатын болуы қажет. Мысалы, біз айтамыз, Балтық жағалауындағы елдердің жастарының көпшілігі батысқа кетіп қалып жүр. Украиналықтар солай істеп жатыр. Түбінде олар еліне пайдасын тигізеді. Ол үшін ана тілімен бірге әсіресе, ағылшын тілін кәсіби түрде еркін меңгерген ұрпақтың өкілі болуы керек. Сонда ғана қазақтың азаматы дүниежүзілік бәсекеге сай болады. Қытайға барсаң, ағылшын тілін біледі, Жапонияға барсаң, ағылшын тілін біледі, Үндістанға, Малайзияға барсаң да ағылшын тілін біледі. Біраз уақыттан кейін ешқандай ғылым мен технология келмейтінін білгеннен кейін барлығы дүние жүзі қолданатын тілге көшті. Енді біз осы мәселе төңірегінде қандай іске көшуіміз керек? Барлықтарыңыздың балаларыңыздың қайда оқитынын білемін ғой мен. Сондықтан да, ағайын, алға қарай жылжу үшін қолдау жасау керек. Дүниежүзінде біз бәсекелі болу үшін осыны ұмытпауымыз керек. Жаңа буын көшбасшы, бәсекеге қабілетті әрі отаншыл болуы тиіс. Біз тәрбиелеп жатқан жаңа Қазақстанның президенттері, меніңше, осындай қасиеттерге ие болуы керек. «Ғылымның тамыры ащы, жемісі тәтті» деген қанатты сөз бар. Академияның мерейлі белесімен баршаңызды тағы да шын жүрегіммен құттықтаймын. Барлығыңыздың қажырлы еңбектеріңіз жемісті болсын, елдің игілігіне, Мәңгілік ел боламыз деген идеологияға сай болайық. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», — деді Мемлекет басшысы.

    Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысы барысында Шыңғыс хан мен Томиристі қазақ деушілерді сынаған болатын.

    Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.